Шектеу іс-шараларын тоқтату және Келес ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 13 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 20 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қазанда № 24630 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Келес ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 08-02-03/228 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Келес ауданы Бірлік ауылдық округінің (кадастрлық нөмірі № 19-326-087-199) жер учаскесінде орналасқан У.Сергалиевтің мал шаруашылығы кешенінің аумағында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Келес ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 12 шілдедегі №13 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23526 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бірлік ауылдық округ әкімі А. Серикбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады