Риддер қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 954 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 қарашада № 25338 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Риддер қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласының әкімі Д. Горьковой

  Қаулыға қосымша
Риддер қаласының әкімі
2021 жылғы 18 қарашадағы
№ 954

Риддер қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Алып отырған алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

Жақын маңдағы инфрақұрылым

Қызмет саласы

1    

Бутаково ауылы,
Дорожная көшесі, 15/5

100

5

"Буточанка"
азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

2

Бутаково ауылы,
Урожайная көшесі, 14/5

100

5

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

3

Лениногорский Лесхоз ауылы,
Лесхозная көшесі,17/5

100

5

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

4

Верхняя Хариузовка ауылы, Энергетиктер көшесі, 2/5

100

5

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

5

Поперечное ауылы, Новая көшесі, 32/5

100

5

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады