Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Майлин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 тамызда № 23854 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Майлин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Майлин ауылдық округі әкімінің 02.09.2021 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 шілдедегі № 454 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан сібір жарасы ауруы анықталуына байланысты, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Майлин ауылдық округінің Майлин ауылы аумағына карантин белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Майлин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Аягөз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Майлин ауылдық округінің әкімі Е. Нургалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады