Карантинді тоқтату және Майлин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № 1 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Майлин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 24237 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Занының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 18 тамыздағы № 485 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Майлин ауылдық округінің Майлин ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан сібір жарасы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Майлин ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2021 жылғы 3 тамыздағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23854 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Майлин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Аягөз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Майлин ауылдық округінің әкімі Е. Нургалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады