Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі Шынқожа ауылының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Нарын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 наурызда № 8422 болып тіркелді

     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Aягөз ауданы бойынша бас мемлекеттік  ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 ақпандағы № 69 ұсынысы негізінде, Нарын ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

     1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан пастереллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Aягөз ауданы Нарын ауылдық округі Шынқожа ауылының аумағына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

     2. Нарын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 2 «Aягөз ауданы Нарын ауылдық округі Шынқожа ауылының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8029 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 29 желтоқсанда  жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

     3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Нарын ауылдық округі әкімінің
міндетін уақытша атқарушы                                                                  К. Исаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады