Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қарабұлақ ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қыркүйекте № 24471 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 31 тамыздағы № 771 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Аяққы Желши қыстағына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 24 маусымдағы № 6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23245 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қарабұлақ ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі А. Итжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады