Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 қазанда № 24958 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2021 жылғы 15 қазандағы № 876 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ұсақ малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округінің Бақасу ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 9 маусымдағы № 4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22993 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Кеңсай ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кеңсай ауылдық округінің әкімі А. Смаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады