"Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 03 шілдедегі № 5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы" Шілікті ауылдық округі әкімінің шешім жобасы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 9 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қыркүйекте № 24512 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 03 қыркүйектегі №780 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ұсақ малдарының қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округіне қарасты "Нұрдәулет" шаруа қожалығына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 03 шілдедегі №5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2021 жылдың 09 шілдесінде № 23403 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шілікті ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте;

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шілікті ауылдық округінің әкімі А. Кенесов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады