Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 165 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қарашада № 25295 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Меңешовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бөкей ордасы ауданының әкімі Н. Даумов

  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 18 қарашадағы № 165
қаулысына қосымша

Бөкей ордасы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесінде орналасқан "Салтанат" дүкеніне қарама-қарсы

72

3

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Салтанат" дүкені

2

Мұратсай ауылы, М.Мәметова көшесінде орналасқан "Қазақтелеком" Акционерлік қоғамының ғимаратына қарама-қарсы

30

3

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

жоқ

3

Бисен ауылы, Б.Жәникешев көшесінде орналасқан "Бисен ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

50

3

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Ағайын" дүкені

4

Хан ордасы ауылы, А.Оразбаева көшесінде орналасқан "Орда ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

72

3

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Мадина" дүкені

5

Бөрлі ауылы, Т.Масин көшесінде орналасқан Бөрлі ауылдық мәдениет үйі ғимаратына қарама-қарсы

50

3

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Нәзік" дүкені

6

Ұялы ауылы, Х.Маданов көшесінде орналасқан "Алинұр" дүкеніне қарама-қарсы

40

3

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Алинұр" дүкені

7

Саралжын ауылы, Кеңес көшесінде орналасқан "Ақнұр" дүкеніне қарама-қарсы

40

3

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Ақнұр", "Нар-Жан" дүкендері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады