Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі Переметный ауылының солтүстік-шығыс бағытындағы бағымына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 25 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 2 наурызда № 6839 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 97 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің 09.07.2021 № 97 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бәйтерек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №1-28-596 ұсынысы негізінде, Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі Переметный ауылының солтүстік-шығыс бағытындағы бағымына мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т.Умбеткалиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Р. Кадыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады