Еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 403 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 мамырда № 28273 болып тіркелді

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-2-бабының 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2022 жылғы 30 мамырдағы
№ 403 бұйрығымен
бекітілген

Еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидалары "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу үшін ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      2. Ішкі істер органдары жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына келген еңбекші көшіп келушілердің қатарынан дакто-, фотоесептерін қалыптастырады.

      3. Еңбекші көшіп келушілердің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 75 қбпү бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9662 болып тіркелген) бекітілген Ішкі істер органдарында жедел-криминалистік қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерінің нәтижелері бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес дактилоскопиялаудан өткені және суретке түскені туралы анықтамамен екі данада ресімделеді, бірінші данасы деректер базасын қалыптастыру және есептер бойынша тексеру үшін жедел-криминалистикалық бөліністе қалады, екіншісі еңбекші көшіп келушіге беріледі.

  Еңбекші көшіп келушілерді
дакто-, фотоесептерін
қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына
қосымша
  Нысан

      Анықтама ұлттық паспортты берген кезде жарамды

Дактилоскопиялаудан өткені және суретке түскені туралы
АНЫҚТАМА

      _____________________________________________________________________ берілді.
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), туған күні)
Азаматтығы __________________________________________________________________
Жынысы _____________________________________________________________________
Уақытша тұратын жері бойынша мәліметтер _______________________________________
_____________________________________________________________________________
Ішкі істер органының атауы ______________________________________________________
______________________________________________________________________________
Дактилоскопиялауды жүргізген ___________________________________________________
(қызметкердің лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)
______________________________________________________________________________
_________________________________________________
(дактилоскопия жүргізілген күні) (қолы).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады