Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Есіл ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 23/3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 мамырда № 28037 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Есіл ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленсін.

      2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Есіл аудандық мәслихатының хатшысы С.Агымбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады