Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 қыркүйекте № 29849 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 1-тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 2-17/128 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округінің Құмтоғай ауылының О.Тәтеұлы көшесінің № 2, № 4/1, № 6, № 7 үйлерінде, О. Жұмабаев көшесінің № 1, № 5, № 9/1, № 10 үйлерінде, А.Рысбаев көшесінің № 8/1, № 8/2, № 10, № 11/1, № 12 үйлерінде, Қ.Шегебаев көшесінің № 2/1, № 2/2, № 3 үйлерінде мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27932 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Құмтоғай ауылдық округінің әкімі Н. Жұбаназаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады