Шалқар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 37 "Шалқар ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 402 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда № 31179 болып тіркелді

      Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 37 "Шалқар ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8071 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Шалқар ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Шалқар ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Ж. Жидеханов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Шалқар аудандық мәслихаты

  Шалқар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 402 қаулысына қосымша
  Шалқар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 37 қаулысына қосымша

Шалқар ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

Лауазымдардың атауы

Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары

1

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының кітапхана менгерушісі

2

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының сектор басшысы

3

Мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер)

4

Кітапханашы

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары

1

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады