Шалқар ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 37 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 наурызда № 8071 болып тіркелді

      Ескерту. Қазақ тіліндегі шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 12.12.2022 № 402 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18, 139 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шалқар ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. Қазақ тіліндегі шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 12.12.2022 № 402 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Шалқар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 88 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6071 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.

      3. "Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Ж. Жидеханов
      КЕЛІСІЛДІ:
Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев
      "___" _________ 2021 жылғы

  Шалқар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 37 қаулысына қосымша

Шалқар ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 12.12.2022 № 402 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Лауазымдардың атауы

Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары

1

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының кітапхана менгерушісі

2

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының сектор басшысы

3

Мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер)

4

Кітапханашы

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары

1

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады