Балқаш ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 107 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 12 шілдеде № 28784 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Балқаш ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш ауданының әкімі Г. Токпеисов

  Балқаш ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 107 қаулысына қосымша

Балқаш ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерінің орналасқан орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сонымен қатар қоғамдық тамақтану объетілері)

1.

Бақанас ауылы, Бижанов көшесі, "Айтолқын" дүкеніне қарама-қарсы

120

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

3 жыл

"Катрин" дүкені

2.

Бақбақты ауылы, Хван көшесі, АқназарАру мейрамханасына қарама-қарсы

60

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

3 жыл

"Сұңқар" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады