Іле ауданы аумағындағы стационарлық емес сауда объектілерінің орналасу орындары

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 175 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 25 мамырда № 28214 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына сәйкес, Алматы облысы Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Іле ауданы аумағындағы стационарлық емес сауда объектілерінің орналасу орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы Іле ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күнөткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Карасаев

  Іле ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 175 Қаулысына қосымша

Іле ауданы аумағындағы стационарлық емес сауда объектілерінің орналасу орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Қызмет салалары

Алып жатқан аумағы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Жақын орналасқан инфрақұрылымдар

1

Боралдай кенті, Алатау көшесі, № 55, 56 үйлердің оң жағы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

500

3

"Қайсар" сауда үйі

2

Жетіген ауылы, "Алматы-Жетіген" тас жолының сол жағы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

2105

3

Жоқ

3

М.Түймебаев ауылы Алматинская көшесі, "Лидер" дүкенінің сол жағы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

1228

3

"Алатау-Құс" фирмалық дүкендер желісі

4

Н.Тлендиев ауылы, "Байсерке-Шиликемер-Чапай" тас жолы, "Berish" көлік жуу ғимаратына қарама-қарсы

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

8500

3

Жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады