Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 60/653 "Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 27/260 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 шілдеде № 28952 болып тіркелді

      Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 60/653 "Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5748 болып тіркелген), келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидаларында:

      7-тармақ жаңа редакцияда келесі мазмұнда баяндалсын:

      "7. Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай аудандық мәслихатының хатшысы Д. Сакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады