Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қарағанды облысы Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 2 "Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округі Қантай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 тамызда № 29080 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұра аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндеттерін атқарушысының 2022 жылғы 27 шілдедегі № 02-13-412 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округі Қантай ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан жұқпалы ринотрахеит ауруын жою бойынша сауықтыру іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарағанды облысы Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 2 "Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округі Қантай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28428 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі А. Акашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады