Шектеу іс-шараларын тоқтату және Тағылы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 01 "Шектеу іс шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданы Тағылы ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 22 шілдедегі № 02 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 шілдеде № 28874 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес және Шет ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 06-08-02/222, ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Шет ауданы Тағылы ауылдық округі Жұмыскер ауылының аумағында ірі қара малдың вирустық диарея және инфекциялық ринотрахеит ауыру ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Тағылы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 29 наурыздағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27434 болып тіркелген) № 01 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тағылы ауылдық округінің әкімі Н. Аринов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады