Арқалық қаласының әкімшілік аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 150 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 сәуірде № 27538 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкi сауда қағидасының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арқалық қаласының әкімшілік аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қаласының әкімі А. Асанов

  2022 жылғы 5 сәуірдегі
  № 150 қаулысына
  қосымша

Арқалық қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Арқалық қаласы, Абай даңғылы, № 106 үйге қарама-қарсы

50

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

"Селена" дүкені

2

Арқалық қаласы, Маясова көшесі, № 40 үйдің сол жағынан

130

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

"Томирис" дүкені

3

Арқалық қаласы, Ш. Жәнібек көшесі, "Балажан" сауда үйіне қарама-қарсы

70

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

4

Арқалық қаласы, Маясова көшесі, "Айна" базарына қарама-қарсы

50

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

"Айна" базары

5

Арқалық қаласы, Маясова көшесі, № 4 үйдің оң жағынан

50

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

6

Арқалық қаласы, Маясова көшесі, "Гауһар" орталық базарына қарама-қарсы

100

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

"Гауһар" орталық базары

7

Ашутасты ауылы, Центральная көшесі, орталық алаңына қарама-қарсы

50

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

8

Восточный ауылы, Советска көшесі, № 13 үйдің сол жағынан

50

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

9

Фурманов ауылы, Малахов көшесі, орталық алаңына қарама-қарсы

50

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады