Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қостанай ауданы Александров ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 маусымдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы Александров ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 маусымда № 28346 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 04 мамырдағы № 01-30/254 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Қостанай облысы Қостанай ауданының Александров ауылдық округі Еңбек ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қостанай ауданының Александров ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 маусымдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23195 болып тіркелген) № 3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Александровка ауылдық округінің әкімі Р. Кембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады