Баянауыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 229/10 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қазанда № 30232 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Баянауыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл ауданының әкімі С. Батыргужинов

  Баянауыл ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
4 қазандағы № 229/10
қаулысына қосымша

Баянауыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Нақты орналасу орны

Алатын алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сонымен қатар қоғамдық тамақтану объектілері)

 
1

Баянауыл ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі, "Арзан" дүкеніне қарама-қарсы

200

5

Азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін сату

"Арзан" дүкені

 
2

Баянауыл ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі, "Нурбол" сауда үйіне қарама-қарсы

100

5

Азық-түлік емес өнімдерін сату

"INMART" сауда орталығы, "Нурбол" сауда үйі

 
3

Баянауыл ауылы, Ю.Гагарин көшесі, "Айдабол" дүкеніне қарама-қарсы

50

5

Азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін сату

"Айдабол" дүкені

 
4

Баянауыл ауылы, Әміре Айтпакин көшесі, "Тукенов Б." жеке кәсіпкерінің жол бойындағы сервисінің сол жағы

20

5

Азық-түлік өнімдерін сату

жоқ

 
5

Майқайың кенті, Астана көшесі, "Даурен" дүкеніне қарама-қарсы

100

5

Азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін сату

"INMART" сауда орталығы, "Даурен" дүкені

 
6

Майқайың кенті, Астана көшесі, "Кенесары" дүкенінің сол жағы

20

5

Азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін сату

"Кенесары" дүкені

 
7

Майқайың кенті, Бәйтерек көшесі, № 3 үйге қарама-қарсы

20

5

Азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін сату

"Тульмур" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады