Шектеу іс- шараларын тоқтату және Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 2 "Шектеу іс- шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 шілдеде № 28750 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Успен ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 1 шілдедегі № 1-30/338 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округі Ковалев ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит, вирустық диареясы ауруларын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28295 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі А. Курманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады