"Солтүстік Қазақстан облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 202 қаулысына және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2012 жылғы 26 шілдедегі № 6/2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 13/4 және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 10 бірлескен шешімі мен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 ақпанда № 26786 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 202 қаулысына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 26 шілдедегі № 6/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1812 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасы осы бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов
      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 21 қаңтардағы № 10 мен
  Солтүстік Қазақстан облыстық
  мәслихатының 2022 жылғы
  20 қаңтардағы № 13/4 бірлескен
  қаулысы мен шешіміне
  қосымша
  Бірлескен Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің 2012 жылғы
  26 шілдедегі № 202 қаулысы мен
  Солтүстік Қазақстан облыстық
  мәслихатының 2012 жылғы
  26 шілдедегі № 6/2 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті жағдайларына және көрсетілген жерлерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері

Аудан
және қала атауы

Төменде көрсетілген құқықта орналасатын бір әкімшілік аудан (қала) шегінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің (гектар) ең аз мөлшерлері:

жеке меншік

уақытша өтеулі жер пайдалану

шаруа немесе
фермерлік қожалығын
жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматындағы

ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу
үшін, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес
заңды тұлғасындағы және оның үлестес тұлғасындағы

шаруа немесе
фермерлік қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматындағы

ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу,
үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік
емес заңды тұлғасындағы және
оның үлестес тұлғасындағы

барлығы

оның ішінде суармалы

барлығы

оның
ішінде суармалы

барлығы

оның ішінде суармалы

барлығы

оның ішінде суармалы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Айыртау

10

1

200

1

80

1

1000

1

2

Ақжар

10

1

200

1

60

1

1000

1

3

Аққайың

10

1

200

1

50

1

1000

1

4

Есіл

10

1

200

1

80

1

1000

1

5

Жамбыл

10

1

200

1

50

1

500

1

6

Қызылжар

10

1

200

1

30

1

500

1

7

Ғабит Мүсірепов атындағы

10

1

200

1

100

1

1000

1

8

Мағжан Жұмабаев

10

1

200

1

80

1

500

1

9

Мамлют

10

1

200

1

50

1

500

1

10

Тайынша

10

1

200

1

100

1

1000

1

11

Тимирязев

10

1

200

1

60

1

1000

1

12

Уәлиханов

10

1

200

1

60

1

1000

1

13

Шал ақын

10

1

200

1

50

1

1000

1

14

Петропавл қаласы

1

1

10

-

1

1

1

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады