Шектеу іс-шараларын тоқтату және Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Күршім ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 мамырда № 27933 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 – бабына сәйкес және Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 553 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округінің, "Көкжыра" учаскесінде орналасқан "Альдербаев-К" шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Күршім ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23717 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауылдық округінің әкімі Е. Нурсоветов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады