Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округінің Үшкөмей ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 тамызда № 29123 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 01-22/466 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринарлық іс шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округінің Үшкөмей ауылында белгіленген шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің "Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округінің Үшкөмей ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 6 тамыздағы № 2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7436 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тассай ауылдық округінің әкімі Е. Мазыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады