Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округiнің "Тоқтар" қыстағына шектеу іс-шарасын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 04 маусымдағы № 13 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 14 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 қыркүйекте № 29479 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2015 жылғы 07 шілдедегі № 479 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының құтырық ауруы ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс - шаралар жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округiнің "Тоқтар" қыстағының аумағында белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.

      2. Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 04 маусымдағы № 13 "Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округiнің "Тоқтар" қыстағына шектеу іс-шарасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4015 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Көкжыра ауылдық округінің әкімі М. Суйесинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады