Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округiнiң "Жыланды" қыстағына шектеу іс-шарасын белгiлеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 10 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 12 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қыркүйекте № 29452 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына, Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 559 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ұсақ малдары құтырық ауруы ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылдық округiнiң "Жыланды" қыстағының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 10 "Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округiнiң "Жыланды" қыстағына шектеу іс-шарасын белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4117 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Құмкөл ауылдық округінің әкімі М. Кенжин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады