"Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 344 бұйрығына және "Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 3 ақпандағы № 79 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 ақпанда № 31888 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15456 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) авиациялық медициналық орталық (бұдан әрі – АМО) азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) авиациялық медициналық сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – әуе кемелерінің ұшуын орындауға және қамтамасыз етуге және оларға техникалық қызмет көрсетуге, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге тікелей байланысты тұлғаларды медициналық куәландырудан өткізуге, лицензиялар немесе біліктілік белгілерін алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен тағайындаған авиациялық медицина саласында даярлықтан өткен және практикалық дағдылары мен жұмыс тәжірибесі бар авиациялық медициналық сарапшы куәлігі бар дәрігер;

      3) авиациялық медициналық сарапшының сертификаты (бұдан әрі – сертификат) – авиациялық медициналық сарапшыға медициналық куәландыру жүргізуге және медициналық сертификат беруге құқық беретін құжат;

      4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      5) аса жеңіл авиация (бұдан әрі – АЖА) – сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы жеті жүз елу килограмнан кем болатын әуе кемелерін, басқа да ұшу аппараттары мен қосымша құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация;

      6) жеңіл авиация (бұдан әрі – ЖА) – сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы бес мың жеті жүз килограмнан кем болатын әуе кемелерін, оның ішінде сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан кем болатын тікұшақтарды пайдаланатын азаматтық авиация;

      7) тиісті кластың медициналық стандарты – бұл медициналық куәландыру кезінде ағза органдары мен жүйелерінің физиологиялық жай-күйінің бастапқы деп қабылданатын тиісті нормаларының жиынтығы.";

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Сарапшылар мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) 1, 2, 3 және ЖА және АЖА сыныпты медициналық сертификатты беруді және қайта жаңартуды жүзеге асыратын сарапшы (бұдан әрі – 1-сыныпты сарапшы);

      2) 2, 3 және ЖА және АЖА сыныпты медициналық сертификатты беруді және қайта жаңартуды жүзеге асыратын сарапшы (бұдан әрі – 2-сыныпты сарапшы);

      3) ЖА және АЖА сыныпты медициналық сертификатты беруді және қайта жаңартуды жүзеге асыратын сарапшы (бұдан әрі – ЖА және АЖА сыныпты сарапшы).";

      Осы Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15457 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) авиациялық медициналық орталық (бұдан әрі – АМО) – азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) авиациялық медициналық орталықтың сертификаты (бұдан әрі – сертификат) – авиациялық медициналық орталықтың сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;

      3) авиациялық медициналық сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – әуе кемелерінің ұшуын орындауға және қамтамасыз етуге және оларға техникалық қызмет көрсетуге, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге тікелей байланысты тұлғаларды медициналық куәландырудан өткізуге, лицензиялар немесе біліктілік белгілерін алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен тағайындаған авиациялық медицина саласында даярлықтан өткен және практикалық дағдылары мен жұмыс тәжірибесі бар авиациялық медициналық сарапшы куәлігі бар дәрігер;

      4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      5) дәрігер-консультант – авиациялық медицина саласында жоғары медициналық білімі және дайындығы бар және азаматтық авиацияда медициналық куәландыруды өткізуге қатысатын медициналық маман;

      6) аса жеңіл авиация (бұдан әрі – АЖА) – сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы жеті жүз елу килограмнан кем болатын әуе кемелерін, басқа да ұшу аппараттары мен қосымша құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация;

      6) өтініш беруші – АМО сертификатын алуға өтініш берген заңды тұлға;

      7) сертификаттық тексеру – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен өтінім берушінің АМО-ға қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкестігіне жүзеге асыратын тексеру.".

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
И. Шархан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрі міндетін
атқарушының
2023 жылғы 3 ақпандағы
№ 79 Бұйрыққа
қосымша
Авиациялық медициналық
сарапшыларды тағайындау
қағидаларына
1-қосымша

Авиациялық медициналық сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптары

      1. 1-сыныпты сарапшы АМО штаттық медицина қызметкері болып табылады және мыналар:

      1) "Емдеу ісі", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы дипломы;

      2) "Жалпы тәжірибе дәрігері", "Терапия" немесе "Авиациялық және ғарыштық медицина" мамандықтары бойынша дәрігер-маман сертификаты.

      Бұл талап алғаш рет авиациялық медициналық сарапшылар сертификатын алған өтініш берушілерге қолданылады;

      3) сарапшыларға арналған кәсіби даярлаудың Базалық және Тереңдетілген курстарынан (ИКАО-ның оқыту бағдарламасына және оқытушылар құрамына қойылатын талаптарына сәйкес жалпы саны 120 сағат теориялық және практикалық даярлығы) өткендігі туралы сертификаты;

      4) авиациялық медицина бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;

      5) авиациялық медицина бойынша семинарлар, конгресстер, конференциялар, съездерде қатысу туралы сертификаттары, авиациялық медицина және мамандығы бойынша қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан өту туралы куәліктің;

      6) азаматтық авиация ұйымдарында, оның ішінде ұшу және/немесе диспетчерлік тренажерде немесе ұшуда куәландырушылардың еңбек жағдайларымен танысу, пилот немесе авиадиспетчердің жұмыс орнында тағылымдамадан өту (on the job training) хаттамасы немесе куәлігі, сертификаты (жылына 10 сағаттан кем емес);

      7) өтініш беру алдындағы 3 жыл ішінде жылына кемінде 50 (елу) медициналық куәландыру;

      8) медициналық куәландыру бойынша қызметті қамтамасыз ететін ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі болуы тиіс.

      2. 2-сыныпты сарапшы АМО штаттық медицина қызметкері болып табылады және мыналар:

      1) "Емдеу ісі", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы дипломы;

      2) "Жалпы тәжірибе дәрігері", "Терапия" немесе "Авиациялық және ғарыштық медицина" мамандықтары бойынша дәрігер-маман сертификаты.

      Бұл талап алғаш рет авиациялық медициналық сарапшылар сертификатын алған өтініш берушілерге қолданылады;

      3) авиациялық медициналық сарапшыларға арналған кәсіби даярлаудың Базалық курсынан (ИКАО-ның оқыту бағдарламасына және оқытушылар құрамына қойылатын талаптарына сәйкес 60 сағат теориялық және практикалық даярлығы) өткендігі туралы сертификаты;

      4) авиациялық медицина бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      5) авиациялық медицина бойынша семинарлар, конгресстер, конференциялар, съездерде қатысу туралы сертификаттары, мамандығы бойынша қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан өту туралы куәлік;

      6) азаматтық авиация ұйымдарында, оның ішінде ұшу және/немесе диспетчерлік тренажерде немесе ұшуда куәландырушылардың еңбек жағдайларымен танысу, пилот немесе авиадиспетчердің жұмыс орнында тағылымдамадан өту (on the job training) хаттамасы немесе куәлігі, сертификаты (жылына 10 сағаттан кем емес);

      7) медициналық куәландыру бойынша қызметті қамтамасыз ететін ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі болуы тиіс.

      3. ЖА және АЖА сыныпты сарапшы:

      1) "Емдеу ісі", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы диплом;

      2) "Жалпы тәжірибе дәрігері", "Терапия" немесе "Авиациялық және ғарыштық медицина" мамандықтары бойынша дәрігер-маман сертификаты.

      Бұл талап алғаш рет авиациялық медициналық сарапшылар сертификатын алған өтініш берушілерге қолданылады;

      3) сарапшыларға арналған кәсіби даярлаудың Базалық курсынан (ИКАО-ның оқыту бағдарламасына және оқытушылар құрамына қойылатын талаптарына сәйкес 60 сағат теориялық және практикалық даярлығы) өткендігі туралы сертификаты;

      4) авиациялық медицина бойынша семинарлар, конгресстер, конференциялар, съездерде қатысу туралы сертификаттары, мамандығы бойынша қайта даярлаудан, біліктілігін жоғарылатуды өту туралы куәлік;

      5) азаматтық авиация ұйымдарында, оның ішінде ұшу және/немесе диспетчерлік тренажерде немесе ұшуда куәландырушылардың еңбек жағдайларымен танысу, пилот немесе авиадиспетчердің жұмыс орнында тағылымдамадан өту (on the job training) хаттамасы немесе куәлігі, сертификаты (жылына 10 сағат кем емес);

      6) медициналық қызметке лицензия (амбулаториялық-емханалық көмек, еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама және кәсіби жарамдылық);

      7) медициналық куәландыру бойынша қызметті қамтамасыз ететін ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі болуы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады