Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 наурызда № 32095 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін он жұмыс күні ішінде Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне 1) және 2) тармақтарда көзделген іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы ақпарат берілсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
К. Умаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі


      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 17 наурыздағы
№ 11-1-4/113 Бұйрығымен
бекітілген

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Инвестициялар туралы келісімді жасасу, өзгерту және бұзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленіп, Инвестициялар туралы келісімді жасасу, өзгерту және бұзу шарттарын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар мен ұйғарымдар қолданылады:

      1) Инвестиция жөніндегі уәкiлеттi орган – инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырудағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

      2 Инвестициялар туралы келісім (бұдан әрі – келісім) – Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берілген тұлға мен өтініш беруші арасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жасалатын, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті бюджеттің 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде жеті жарым миллион еселенген мөлшері мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған келісім;

      3) Инвестор – келісім және осындай келісім шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлға;

      4) Инвесторлар тарту мәселелері жөніндегі кеңес (Инвестициялық штаб) – Қазақстан Республикасының аумағында пысықталатын және инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде әлеуетті инвесторлармен жұмысты жандандыруға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау, оның ішінде кейінге қалдыру шарттарын, сондай-ақ Үкімет басшылығының деңгейінде шешімдер қабылдауды талап ететін инвестициялық жобалар бойынша мәселелерді қарауды ескере отырып тұжырымдау мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;

      5) Келіссөздерді жүргізу бойынша комиссия – келісім жасасу жөніндегі мәселелерді пысықтау үшін уәкілетті органның шешімімен құрылатын жұмыс органы;

      6) Өтініш – осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес инвестициялар туралы келісім жасасу үшін инвестицияларды тарту саласындағы ұлттық компаниясына инвестор ұсынатын белгіленген нысандағы құжат;

      7) Өтініш беруші – заңды тұлға болып табылатын, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында тіркелген, инвестициялық жоба бойынша келісім жасасуға үміткер инвестор.

      8) Уәкілетті орган – тиісті салада және / немесе салада басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      9) Ұлттық компания – экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу жолымен Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында құрылған инвестицияларды тарту саласындағы ұлттық компания;

      10) "Task Force" – өтініш бойынша құжаттарды бастапқы қабылдауға және келісім жасасу процесін сүйемелдеуге жауапты ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшесі.

      3. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабының 1-тармағында көрсетілген салалардағы жобаларды іске асыру үшін келісімдер жасалынбайды.

      4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан туындайтын ережелерді, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша инвестициялар туралы келісімге өзгерту жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда келісімнің ережелері жасалған күнінен бастап жиырма бес жыл бойы өз күшін сақтайды.

2-тарау. Келісімді жасасу, өзгерту және бұзу тәртібі шарттары мен тәртібі

      5. Келісім келесі шарттар:

      1) Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жеті жарым миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру;

      Бұл ретте, тіркелген актив пайдалануға берiлгенге дейiн Инвестициялар туралы келісім жасасуға өтініш ұсынғанға дейін 24 айдан ерте емес мерзімдегі шығындар есепке алынады.

      2) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттар болған жағдайда;

      3) Келіссөздерді жүргізу бойынша комиссия инвестордың қарсы міндеттемелерін анықтай отырып, жобаны мақұлдау негізінде жасалады.

      6. Келісім жасасу үшін өтініш беруші "Task Force"-қа мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электрондық тасығышта мынадай құжаттарды қоса бере отырып, жүгінеді:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес келісім жасасуға өтініш;

      2) заңды тұлға жарғысының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес іске асырылып жатқан инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;

      4) техникалық-экономикалық негіздеме;

      5) инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасы;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамаларында айқындалған тәртіппен басшының қолымен расталған құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы (салықтар бойынша преференциялар ұсынылған жағдайда);

      7) лицензияланған технологияны пайдалану құқығын растайтын мәліметтер (келісім немесе пайдалану құқығын регламенттейтін өзге де құжат).

      Осы тармақтың 4), 5), 6), 7) - тармақшаларында көрсетілген ақпараттар бар болған жағдай ұсынылады

      7. "Task Force" осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің толықтығын және өтініш берушіні нәтижелері туралы электрондық байланыс арқылы хабардар етеді.

      "Task Force" өтініш беруші ұсынған құжаттар мен осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мәліметтерді қарастыру және өтініш берушінің заңдық және қаржылық тазалығы туралы мәліметтерді алу үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығына жібереді.

      "Астана" халықаралық қаржы орталығы сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жеке тұлғалар мен ұйымдардың сенімділігіне кешенді тексерулер жүргізу үшін ашық халықаралық дерекқорларды пайдалана отырып, келіп түскен құжаттарды қарастырады.

      Өтініш берушінің заңдық және қаржылық тазалығы туралы мәліметтер бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген тұлға қолымен ұсынылады.

      8. Сұрау салынатын инвестициялық преференциялардың түрлері, оларды ұсыну шарттары мен тәртібі және инвестордың міндеттемелері бар құжаттар мен ақпараттың толық пакеті болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабының 1-тармағына сәйкес болған жағдайда "Task Force" инвестордың құжаттамасын уәкілетті органға жібереді.

      Құжаттар топтамасы және (немесе) олардағы мәліметтер толық ұсынылмаған жағдайда, "Task Force" инвестордан жетіспейтін ақпаратты, оның ішінде өтініш берушімен алдын ала келіссөздер және консультациялар жүргізу жолымен сұратады.

      Алдын ала келіссөздер барысында "Task Force" консультациялар өткізілуіне қолғабыс көрсетеді.

      9. Құжаттар тізбесі енгізілген уәкілетті орган ол келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күннен аспайтын мерзімде:

      жобаның салалық даму бағдарламаларына және/немесе экономиканың жаңа салалық секторларын дамытуға тиесілігін көрсете отырып, келіп түскен өтінім шеңберінде тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге және/немесе экспорттық әуелетке нақты қажеттілікті көрсете отырып, жобаны іске асырудың орындылығы;

      инвестициялар туралы келісім нысанында таңдалған мемлекеттік қолдау шарасының;

      қарау қорытындысы бойынша салалық орган "Task Force"-ке жобаны іске асыру үшін инвестициялар туралы келісім жасасудың орындылығы туралы жазбаша жауап жібереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Task Force"-ке салалық қорытынды жолдайды.

      10. Уәкілетті орган теріс шешімі шығарған жағдайда, "Task Force" келісім жасасуға арналған өтінішті одан әрі қарау қажеттілігі бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін инвестициялық штаб жобасы туралы құжатты қарауға шығарады.

      Инвестициялық штабтың шешімі бойынша өтініш уәкілетті органға қайта қарауға жіберілуі мүмкін.

      11. Оң шешім болған жағдайда уәкілетті орган 15 (он бес) жұмыс күні ішінде келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Комиссияның төрағасы уәкілетті органның бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген, бірақ бірінші басшының орынбасарынан төмен емес деңгейде тұлға болып табылады.

      Комиссия төрағасының орынбасары "Task Force" бөлімшесінің басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға болып табылады.

      Комиссия хатшысы болып құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес деңгейде уәкілетті органның өкілі тағайындалады.

      Комиссия құрамына "Task Force", "Астана" халықаралық қаржы орталығының, мүдделі мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі өкілдері, ал қажет болған жағдайда ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық бірлестіктер мен басқа ұйымдардың өкілдері кіреді.

      12. Мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органнан сұрау салуды алған сәттен бастап құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес кандидатураларды ұсынады.

      13. Комиссия инвестициялық жоба бойынша құжаттарды қарайды, өтінішті қабылдайды немесе қайта қарауға жібереді немесе келісім жасасудан бас тартады.

      14. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.

      Хаттамаға отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы оны қолдаған жағдайда қабылданды деп есептеледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда осы Комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікір білдіреді, ол Комиссия отырысы өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті органға жіберіледі және оған қоса беріледі және Комиссияның жұмыс органы хаттамасымен ресімделеді. Бұл ретте Комиссия отырысының хаттамасында ерекше пікірдің бар екендігі туралы белгі қойылады және ерекше пікірді ұсыну мерзімі көрсетіледі.

      Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, құзыретті (кворумы бар) болып табылады.

      Отырыста Комиссия төрағасы немесе ол болмаған кезеңде – оны алмастыратын тұлға болмаған жағдайда Комиссия отырысы өткізілмейді.

      15. Уәкілетті органның осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттардың тізбесін қарауының және қажетті сараптаманы ескере отырып, шарттың негізгі талаптары бойынша қорытындыны дайындаудың, келісім жобасын әзірлеудің, келісулердің жалпы мерзімі Комиссия оны ұсынған күннен бастап 3 (үші) айдан аспайтын мерзімде құрайды.

      16. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган Келіссөздер комиссиясының мақұлдауын алған келісім жобасының қосымшасымен келісімнің негізгі талаптары туралы қорытындыны қарау және бекіту туралы шешім қабылдау үшін Келісім инвестициялық штабтың кезекті отырысына енгізіледі.

      17. Инвестициялық штабтың қарау нәтижелері бойынша келісімнің негізгі талаптары туралы қорытынды мақұлдануы немесе қайта қарауға жіберілуі мүмкін, не шартты жасаудан бас тартылуы мүмкін.

      18. Егер келісім жасасуға өтініште Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті бюджеттерінің түсімдерін қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту көзделсе, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 5-бабына сәйкес республикалық бюджет комиссиясының отырысына инвестициялық жоба бойынша республикалық және/немесе жергілікті бюджеттің шығыстары бойынша қажетті құжаттарды және есептерді енгізеді.

      Республикалық бюджет комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы белгіленген тәртіппен өтініш берушіні, оның ішінде осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес электрондық байланыс құралдары арқылы хабардар етеді.

      19. Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі қабылданғанда, уәкілетті орган немесе Инвестиция жөніндегі уәкiлеттi орган белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыруға арналған келісім жасасу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және оны 10 (он) жұмыс күн ішінде бекіту үшін мүдделі мемлекеттік органдарға және/немесе ұйымдарға жібереді.

      Келісім жобасы уәкілетті орган осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгілік нысанның ережелерін ескере отырып әзірлейді.

      20. Келісімді жасасу туралы шешім Қазақстан Республикасының Үкіметімен қабылданады.

      21. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген келісім жобасын 10 (он) жұмыс күні ішінде екі данасын инвесторға қол қоюға және мөрмен (бар болған жағдайда) бекітуге жолдайды.

      22. Инвестор келісімнің екі данасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларға қол қояды, мөрмен (бар болған жағдайда) куәландырады және бір данасын уәкілетті органға жолдайды.

      23. Уәкілетті орган келісімнің және өтінім бойынша құжаттардың көшірмелерін сақтау үшін инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      24. Келісім жасалғаннан кейін инвестор уәкілетті органға 25 шілдеден және 25 қаңтардан кешіктірмей осы Қағидалардың 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімнің орындалуы туралы жартыжылдық есептерді инвестициялық жобада көзделген шығындар баптары бойынша бөле отырып тіркелген активтерді пайдалануға беруді растайтын құжаттарды ұсынады.

      25. Келісім талаптарының сақталуын уәкілетті органмен мынадай нысандарда:

      1) ұсынылған келісім талаптарының орындалуы туралы ақпаратты зерделеу және талдау негізінде жүзеге асырылатын камералдық бақылау;

      2) инвестициялық қызмет объектiсiне бару, оның iшiнде Келiсiмге инвестициялық жобаны іске асыру кестесін және инвестициялық Келiсiм талаптарын орындау жөнiндегi құжаттарды қарау арқылы жүзеге асырылады.

      26. Инвестициялық қызмет объектiсiне бару арқылы тексеріс инвестициялық жобаны іске асыру кестесі аяқталған жағдайда тіркелген активтер пайдалануға берілгеннен кейін алты ай iшiнде жүзеге асырылады.

      27. Тексеріс нәтижелері бойынша уәкілетті органның өкілі және/немесе тартылған мамандар және заңды тұлғаның басшысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес инвестициялық жоба кестесін орындаудың ағымдағы жай-күйі актісіне қол қояды.

      28. Инвестициялық жобаны іске асыру кестесі орындалмаған немесе жөнді орындалмаған жағдайда, уәкiлеттi орган заңды тұлғаға бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша хабарлама жiбередi және бұзушылықтарды жою үшін төрт айлық мерзімді белгiлейдi.

      29. Инвестициялық жобаны іске асыру кестесі аяқталғаннан кейін заңды тұлға үш ай ішінде уәкiлеттi органға келесілерді қамтитын аудиторлық есепті ұсынады:

      1) инвестициялық жобаны іске асыру кестесіне сай инвестициялық мiндеттемелердiң орындалуы туралы мәліметтер;

      2) инвестициялық жобаны іске асыру кестесіне сәйкес сатып алынған негізгі құралдарды бөлу;

      3) инвестициялық жобаны іске асыру кестесін жүзеге асыруды растайтын құжаттардың жиынтық тізімін;

      4) келісім талаптарының орындалуы туралы ақпарат.

      30. Уәкілетті орган жарты жылда бір рет осы келісім шеңберінде инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты Инвестиция жөніндегі уәкiлеттi органға жібереді.

      31. Келісімге өзгертулер жылына 1 (бір) реттен артық емес енгізілуі мүмкін.

      32. Өзгертулер уәкілетті орган өтініш берушінің өзгеріс енгізу қажеттілігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, түсіндірме жазбасы бар ресми өтініші негізінде қарастырылады.

      33. Уәкілетті орган 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Инвестордың өтінішін қарастырады.

      Растайтын құжаттардың болмауы және/немесе өтініш берушінің сұрау салуы бойынша толық емес ақпарат беру ескертулерді жою және немесе қосымша келісім жасасудан бас тарту үшін өтінішті қайтару үшін негіз болып табылады.

      34. Оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган келісімге өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын белгіленген тәртіппен әзірлейді және 10 (он) жұмыс күні ішінде мүдделі мемлекеттік органдарға және/немесе ұйымдарға келісуге жібереді.

      35. Келісімге өзгертулер енгізу туралы шешім Қазақстан Республикасының Үкіметімен қабылданады.

      36. Уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген келісімге өзгертулер енгізу жобасының екі данасын қол қою және мөрмен растау үшін (бар болған жағдайда) инвесторға жолдайды.

      37. Инвестор 10 (он) жұмыс күні ішінде келісімге қосымша келісімнің екі данасын алған күннен бастап оларға қол қояды, мөрмен (бар болған жағдайда) куәландырады және бір данасын уәкілетті органға жолдайды.

      38. Келісімді бұзу тәртібі келісімнің өз шарттарымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Келісімнің міндеттемелері мен талаптары келісімнің қолданылу кезеңінде орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі хабарлама жіберілген күннен бастап төрт ай өткен соң оның қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.

      39. Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында келісімді бұзу туралы ақпарат:

      1) тиісті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік кірістер органдарына және қажет болған жағдайда өзге де мемлекеттік органдарға;

      2) келісім бойынша мемлекеттік заттай грант берілген – Мемлекеттік кіріс органдарына, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жолданады.

  Инвестициялар туралы
келісімді жасасу, өзгерту
және бұзу қағидаларына
1-қосымша

Инвестициялар туралы келісім жасасуға өтініш

1-тарау. Заңды тұлға туралы мәліметтер

1.

Заңды тұлғаның атауы


2.

Орналасқан жері: заңды мекенжайы және нақты орналасқан жері


3.

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)


4.

Заңды тұлғаның басшысы

______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

5.

Заңды тұлғаның бас бухгалтері (бар болған жағдайда)

______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

6.

Инвестициялық жобаның менеджері (бар болған жағдайда)

______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

2-тарау. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер

7.

Инвестициялық жобаның атауы

______________________________

8.

Ұлттық сынытпауышы бойынша инвестициялық жоба бойынша экономикалық қызмет түрлері "Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы" (ЭҚЖС)


9.

Инвестициялық жобаны іске асыру орны (облыс, аудан, қала)

______________________________

10.

Инвестициялау үшін таңдалған қызметтің басым түрі(лері) (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші сыныптарының деңгейінде)

______________________________

11.

Заңды тұлғаның негізгі капиталдағы инвестиция көлемі
(тіркелген актив пайдалануға берiлгенге дейiн Инвестициялар туралы келісім жасасуға өтініш ұсынғанға дейін 24 айдан ерте емес мерзімдегі шығындар есепке алынады)

______________________________
(млн.теңге)

12.

Жобаны қаржыландыру көздері, мыналардың болуы:
1) меншік қаражаты
2) қарыз қаражаты
3) бюджеттік қаражат

1) ________________________________
2) ________________________________
3) ________________________________

3-тарау. Жобаны іске асыру үшін талап етілетін инвестициялық преференциялар және/немесе мемлекеттік қолдау шаралары


Атауы

Сомма, мерзім







  Инвестициялар туралы
келісімді жасасу, өзгерту
және бұзу қағидаларына
2-қосымша

Бизнес-жоспарды жасау нысаны

      1. Бизнес-жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) жобаның түйіндемесі;

      2) технологиялық бөлім;

      3) коммерциялық бөлім;

      4) әлеуметтік-экономикалық ықпалы;

      5) қаржылық бөлім.

      2. Жобаның түйіндемесі мыналарды:

      1) заңды тұлға туралы ақпарат:

      шетелдік қатысу үлесін (елді көрсете отырып);

      квазимемлекеттік сектор субъектісінің үлесін;

      2) жоба бойынша ақпарат:

      жобаның атауын;

      жобаның мақсатын;

      болжанатын инвестициялық жобаның сипатын (жаңа өндірістерді құру, қолданыстағыларды кеңейту және жаңарту);

      құрылатын жаңа жұмыс орындарының (уақытша және тұрақты) саны;

      экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішісіне сәйкес шығарылатын өнімнің номенклатурасын (ҚР ЭҚТӨЖ) қамтиды.

      3. Технологиялық бөлім өзіне мыналарды:

      1) технологиялық процесте сатып алынатын және қолданатын тіркелген активтерді, сондай-ақ импортталатын шикізат пен материалдарды көрсете отырып, инвестициялық жоба технологиясының сипаттамасын;

      2) инвестициялық жобада қазіргі заманғы технологиялардың қолданылуын;

      4. Коммерциялық бөлім өзіне мыналарды:

      1) жабдықтарды жеткізун:

      пайдаланатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесін;

      технологиялық жабдықтың жаңалығын (жабдықтың шығарылған күні мен моделі) қамтиды.

      2) маркетинг

      өнімді өткізу - қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегі қай елдерге жеткізу болжанатынын қамтиды.

      5. Әлеуметтік-экономикалық ықпалы мыналарды қамтиды:

      1) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде күтілетін әлеуметтік әсер;

      2) бизнес-жоспарды дайындаудың 1, 2, 3-қосымшалардың нысандарына сәйкес бюджеттік преференциялардың тиімділігі бойынша есептеулер.

      6. Қаржы бөлімі өзіне мыналарды:

      1) инвестициялық жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:

      меншік қаражаты;

      қарыз қаражаты (кредиттер немесе тартылған шаруашылық субъектілердің қаражаты) және/немесе грант;

      бюджеттік қаражат;

      2) қаржылық талдау:

      жобаның қаржылық моделі;

      жобаның өмірлік кезеңі ішінде таза дисконттық табысын;

      жобаның өмірлік кезеңі ішінде табыстылықтың ішкі нормасын;

      жобаның өтімділік мерзімін (қарапайым және дисконттық);

      табыстың қарапайым нормасын (рентабельділігі) қамтиды.

      7. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары тігіліп және көмірленуі, заңды тұлғаның бірінші басшысының қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылуы тиіс.

  Үлгілік бизнес-жоспарды
жасау нысанына
1-қосымша

Бюджеттің тиімділігін есептеу

  мың теңге

Аты

Өлшем бірлігі

Инвестиция жасалған жылдар

Инвестициялықтан кейінгі кезең

20___

20___

20___

20___

20___

20___

20___

1.

Ағыны









1)

Бюджетке түсетін түсімдер (салықтар мен басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ басқа да төлемдер), оның ішінде:









1.1)

республикалық бюджетке









1.2)

жергілікті бюджетке









2)

Бюджетке басқа да түсімдер









2.

Шығыс









1)

Инфрақұрылымды тартуға, заттай гранттар









2)

Инвестициялық және инвестициялықтан кейінгі кезеңдерде жасалған салықтық преференцияларға байланысты бюджет шығыстары









3)

Шикізатқа баға саясатын жүзеге асыруға байланысты субсидиялар









4)

Жеңілдікті қаржыландыру/пайыздық мөлшерлемені субсидиялау









5)

Мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары









3.

Бюджет әсері (тиісті қаржы жылының таза табысы)









4.

Кезеңдегі бюджет тиімділігі


  Үлгілік бизнес-жоспарды
жасау нысанына
2-қосымша

Әлеуметтік-экономикалық тиімділікті есептеу

  мың теңге

Аты

Өлшем бірлігі

Инвестиция жасалған жылдар

Инвестициядан кейінгі жылдар

20___

20___

20___

20___

20___

20___

20___

1.

Ағыны









1)

Халық үшін жанама экономикалық пайда









2)

Экономикаға жанама экономикалық пайда









2.

Шығыс









1)

Халыққа жанама экономикалық шығындар









2)

Экономикаға жанама экономикалық шығындар









3.

әлеуметтік-экономикалық әсер (мемлекеттік жәрдемақылардың таза табысы).









4.

Кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық тиімділік


  Үлгілік бизнес-жоспарды
жасау нысанына
3-қосымша

Бюджеттік преференциялар активтерінің өнімділігін есептеу

  мың теңге

Аты

Өлшем бірлігі

Инвестиция жасалған жылдар

Инвестициядан кейінгі жылдар

20___

20___

20___

20___

20___

20___

20___

1.

Ағыны









1)

Бюджет кірістері (салықтар және басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ басқа да төлемдер), оның ішінде:









1.1)

республикалық бюджетке









1.2)

жергілікті бюджеттерге









2)

Бюджетке басқа да түсімдері









3)

әлеуметтік-экономикалық әсер (қоғамдық пайданың таза табысы









5)

Экономикаға салынған инвестиция көлемі









2.

Шығыс









1)

Инфрақұрылымдық шығындар, заттай гранттар









2)

Инвестициялық және инвестициядан кейінгі кезеңдерде жасалған салықтық преференцияларға байланысты бюджет шығыстары









3)

Шикізатқа баға саясатын жүзеге асыруға байланысты субсидиялар









4)

Жеңілдетілген қаржыландыру/пайыздық мөлшерлемені субсидиялау









5)

Мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары









3.

Кезеңдегі жалпы кіріс


4.

Кезеңдегі жалпы шығыс


5.

Активтер рентабельділігі ("Кезеңдегі жиынтық кіріске" "Кезеңдегі жалпы шығысқа" қатынасы)


  Инвестициялар туралы
келісімді жасасу, өзгерту
және бұзу қағидаларына
3-қосымша

Салалық қорытынды

1 тарау. Жоба бойынша қысқаша ақпарат

1.

Салалық сараптама жүргізетін салалық мемлекеттік органның атауы


2.

Жобаны іске асыру саласы (саласы) (экономика саласы (саласы) көрсетіледі)


3.

Инвестор туралы ақпарат (шыққан елін көрсете отырып, жобалау компаниясының (болған жағдайда) және бас компанияның атауы көрсетіледі)


4.

Жобаның атауы


5.

Жобаның қуаты (жобаның қуаты тиісті өлшем бірліктерінде көрсетіледі).


6.

Жобаны іске асыру орны


7.

Жобаның құны


8.

Мемлекеттік қолдау шаралары


9.

Инвестордың міндеттемелері


10.

Іске асыру мерзімдері мен кезеңдері


2 тарау. Негізгі бөлім

11.

Саланың одан әрі дамуына әсер ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын бағалау


12.

Жобаның мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін бағалау, оның ішінде тиісті салада (салада, өңірде) Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктің болуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына не актілеріне сәйкестігін көрсету


13

Ұсынылған сұлба бойынша жобаны іске асырудың мүмкіндігі мен орындылығын бағалау


14.

Жобаның техникалық күрделілігін және (немесе) бірегейлігін бағалау


15.

Жобаны іске асыру және мұндай іске асырудың болмауы жағдайларында саладағы ахуалды бағалау


16.

Жобаны іске асырудан, оның ішінде халық үшін құндылық қағидатын негізге ала отырып, пайданы бөлуді бағалау


17.

Жобаны экономиканың аралас салаларына (салаларына) іске асырудан болжамды мультипликативтік әсерді бағалау


3-тарау. Қорытынды

18.

Салалық қорытындының нәтижелері бойынша қорытындылар (қорытындыларда жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша жоба бойынша инвестициялар туралы келісім жасасуды қолдау туралы (оң қорытынды) немесе жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша жобаны қолдамау туралы салалық мемлекеттік органның ұстанымы (теріс қорытынды) көрсетіледі


  Инвестициялар туралы
келісімді жасасу, өзгерту
және бұзу қағидаларына
4-қосымша

Инвестициялар туралы келісімнің үлгілік нысаны

  _________ (күні, айы, жылы)

      Осы инвестициялар туралы келісім қаулысының негізінде әрекет ететін

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Уәкілетті орган) 20____ жылғы

      "___"_________ №____ қаулысы

      __________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы, нөмірі, мемлекеттік тіркелген күні)

      _________________________________________________________________________,

      (басшының немесе басқа уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      негізінде әрекет ететін_______________________________________________________

      (жарғы немесе сенімхат)

      (бұдан әрі - инвестор), бұдан әрі тараптар деп аталады.

      Мынаны ескере отырып:

      1) Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық ахуал жасау мемлекеттің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады;

      2) инвестор осы келісімге сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 712-1, 712-2, 712-3-бабына сәйкес салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктер алуға мүдделі;

      3) Уәкілетті орган мен инвестор инвестициялық келісім оның қолданылу мерзімі ішінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтініне келісті,

      Уәкілетті орган мен инвестор осы келісімді жасасты.

1. Негізгі ұғымдар

      1. Келісімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) инвестициялар – лизинг шарты күнінен бастап қаржы лизингі заттарын қоса алғанда, мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа), сондай-ақ инвестор заңды тұлғаның жарғылық капиталына салатын немесе кәсіпкерлік қызмет үшін, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайтатын оларға құқықтар;

      2) инвестициялық мiндеттемелер - инвестордың капиталдандырылатын кейінгі шығыстарды және (немесе) жаңа тіркелген активтерді сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығыстарды қаржыландыру жөніндегі, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тіркелген активтердің құнын ұлғайтатын басқа да шығындарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелері;

      3) инвестициялық жоба – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені;

      4) инвестициялық жобаны іске асыру кестесі – өндірісті пайдалануға бергенге дейін инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстардың күнтізбелік кестесін айқындайтын инвестициялар туралы келісімге қосымша;

      5) инвестор – заңды тұлға, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында тіркелген және инвестициялар туралы келісім шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын;

      6) уәкілетті орган – тиісті салада және/немесе салада басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде келісімнің шарттарының сақталуына қол қоятын, бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік салалық орган;

      7) салық заңнамасының тұрақтылығы – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы өзгерген кездегі тұрақтылықтың кепілі.

2. Келісімнің мәні

      2. Келісімнің мәні _______________облысында ______________ аумағында орналасқан

      "_________________________" қызмет түрі бойынша инвестициялық жобаны жүзеге

      асыру болып табылады.

      Инвесторға Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодекс) 295-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беріледі.

      3. Для реализации инвестиционного проекта инвестор инвестирует в объеме _________ тенге.

3. Тараптардың құқықтары

      4. Уәкілетті орган:

      1) инвестормен келіссөздер жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге;

      2) инвестордан өзiнiң барлық мiндеттемелерiн және келісім талаптарын орындауды талап етуге, сондай-ақ келісімді орындауға байланысты ақпаратты сұратуға;

      3) инвестициялық жобаны іске асыру кестесіне сәйкес міндеттемелердің орындалуын бақылау мақсатында инвестициялық жоба жүзеге асырылатын инвестор объектісіне баруға;

      4) Кәсіпкерлік Кодекс және Салық кодексіне, сондай-ақ осы келісімге сәйкес келісімді мерзімінен бұрын бұзуға;

      5) сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие.

      5. Инвестор:

      1) инвестицияларды жүзеге асыру кезінде келісімге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген әрекеттерді жасауға;

      2) Кәсіпкерлік кодекске және осы келісімге сәйкес келісімді мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

4. Тараптардың міндеттері

      6. Уәкілетті орган:

      1) келісім бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылау жүргізуге;

      2) келісімге қол қою, өзгертулер енгізу және бұзу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасауға;

      3) келісімге қол қою және өзгертулер енгізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеуге;

      4) инвестордың қатысуымен инвестициялық дауларды сотқа дейінгі тәртіпте реттеуге жәрдемдесуге міндетті.

      7. Инвестор:

      1) осы келісім 3-тармағында көзделген мөлшерде және мерзімде инвестицияларды жүзеге асыруға;

      2) осы келісімнің ережелерін сақтауға;

      3) инвестициялардың орындалу барысы туралы ақпарат беруге және осы келісімді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларының 7-тарауына сәйкес тексеру бойынша ақпаратты ұсыну мерзімдерін сақтауға;

      4) қазақстандық кадрларды үздіксіз даярлау жүйесін енгізу және олардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізуге міндеттеледі.

5. Форс-мажорлық жағдайлар

      8. Тараптардың ешқайсысы келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны үшін жауап бермейді, егер мұндай орындамау немесе орындау кезінде кідіріс еңсерілмейтін күш мән-жайларынан (бұдан әрі – форс-мажор) туындаған болса.

      9. Форс-мажорға еңсерілмейтін күш жағдайлары, яғни осы жағдайларда төтенше және алдын алуға болмайтын жағдайлар (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және т. б.) жатады.

      10. Форс-мажордың мән-жайларынан туындаған инвестициялық міндеттемелерді жүзеге асыруды толық немесе ішінара тоқтата тұру кезінде инвестициялық міндеттемелерді жүзеге асыру кезеңі инвестициялық жобаны іске асыру кестесіне форс-мажордың қолданылу мерзіміне өзгерістер енгізу жолымен ұзартылады және ол тоқтатылған күннен бастап қайта басталады.

      11. Форс-мажор мән-жайлары туындаған жағдайда, одан зардап шеккен тарап оқиға басталған күнді көрсете отырып және форс-мажор мән-жайларын сипаттай отырып, жазбаша хабарлама тапсыру арқылы ол туралы екінші Тарапқа пайда болған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      12. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдың шешімін табу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай жағдайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.

6. Құпиялылық

      13. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келісімді іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, осы келісім талаптарының орындалуы туралы ақпарат бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде құпиялылық келісімдерді сақтайды.

      14. Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімін алмай, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия болып саналатын және инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты өзге де ақпаратты ашуға құқылы емес:

      1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылады;

      2) мұндай үшінші тұлға мұндай ақпараттың құпиялылық келісімдердің сақтау және оны Тараптар белгілеген мақсаттарда және тараптар айқындаған мерзімге ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, ақпарат келісім бойынша Тараптардың бірінің қызметтерін көрсететін үшінші тұлғаларға беріледі;

      3) мұндай банк немесе қаржы ұйымы осындай ақпараттың құпиялылық келісімдердің сақтау міндеттемесін өзіне алған жағдайда, келісім бойынша тарап қаржы қаражатын алатын банкке немесе өзге қаржы ұйымына ақпарат беріледі;

      4) ақпарат инвестордың кез келген банктік шоттарына жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс шетел банктерінде ашылған кез келген ақпаратқа, оның ішінде банктік құпия болып табылатын кез келген ақпаратқа қол жеткізе алатын Қазақстан Республикасының салық немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарына ұсынылады.

7. Келісім талаптарының сақталуын бақылау

      15. Келісімнің сақталуына бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      16. Келісім жасалғаннан кейін инвестор инвестициялық жобаны іске асыру кестесі бойынша инвестициялық міндеттемелерді, инвестициялық жобаны іске асыру кестесіне сәйкес міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың 25 шілдесінен кеш емес және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Инвестициялар туралы келісімді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес осы келісім талаптарының орындалуы туралы ақпаратты ұсынады.

      Инвестор осы келісім талаптарын бұзған несесе осы келісім бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда уәкілетті орган инвесторға анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып хабарлама жібереді және оларды жою үшін 4 (төрт) ай мерзімін береді.

      17. Инвестициялық жобаны іске асыру кестесі аяқталғаннан кейін заңды тұлға үш ай ішінде уәкiлеттi органға келесілерді қамтитын аудиторлық есепті ұсынады:

      1) инвестициялық жобаны іске асыру кестесіне сай инвестициялық мiндеттемелердiң орындалуы туралы мәліметтер;

      2) инвестициялық жобаны іске асыру кестесіне сәйкес сатып алынған негізгі құралдарды бөлу;

      3) инвестициялық жобаны іске асыру кестесін жүзеге асыруды растайтын құжаттардың жиынтық тізімін;

      4) келісім талаптарының орындалуы туралы ақпарат.

8. Дауларды шешу

      18. Тараптар келісімнің кез келген ережелерін орындауға немесе түсіндіруге байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді өзара келіссөздер арқылы шешуге бар күшін салады.

      19. Тараптар Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа жазбаша өтініш алған күннен бастап екі ай ішінде келісімге қол жеткізбеген жағдайда, дауларды шешу "Астана" халықаралық қаржы орталығының сотында, "Астана" халықаралық қаржы орталығының халықаралық төрелік орталығында немесе Қазақстан Республикасының сот органдарында, сондай-ақ тараптардың келісімімен айқындалатын төреліктерде жүргізілуі мүмкін.

      20. Тараптар туындаған даулар мен келіспеушіліктер толық шешілгенге дейін келісімде белгіленген міндеттемелерді орындаудан босатылмайды.

9. Қолданылатын құқық

      21. Осы келісімнің негізінде қол қойылған келісім мен басқа да келісімдер үшін Қазақстан Республикасының немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығы қолданылады.

10. Келісімнің қолданылу мерзімі және күшіне енуі

      22. Келісімнің қолданылу мерзімі осы келісімде көзделген мемлекеттік қолдау шараларының ұзақтығымен айқындалады.

      23. Осы келісім ол тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      24. Келісім ________ (күні) өткеннен кейін тоқтатылады.

11. Келісімге өзгертулер енгізу

      25. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзара келісім бойынша жылына бір реттен артық емес қосымша келісімдер жасасу арқылы келісімге өзгерістер енгізуге құқылы.

12. Келісімді бұзу шарттары

      26. Келісімнің қолданылуы осы келісімнің 24-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін тараптардың келісімі бойынша немесе осы бөлімге сәйкес біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

      27. Келісім мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде инвестор осы келісім бойынша берілген инвестициялық префернциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кедендік баждар және/немесе мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларының сомаларын заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіппен төлейді.

      28. Келісімнің міндеттемелері мен талаптары орындалмаған кезде, келісімнің қолданылу кезеңінде уәкілетті орган хабарлама жіберілген күннен бастап төрт ай өткен соң келісімнің қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.

      29. Инвестор осы келісімді бұзу күніне дейін төрт айдан кешіктірмей уәкiлеттi органды алдын ала хабардар ете отырып, осы келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

13. Келісімнің тілі

      30. Келісімнің мәтіні, осы келісімге қоса берілетін өзгерістер, қосымшалар, қосымша құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада ресімделеді. Барлық көшірмелер, егер келісімде өзгеше көзделмесе, бірдей түпнұсқалық және бірдей заңды күшке ие.

      31. Тараптар қарым-қатынас тілі ретінде ___________ тілінің қолданылатынымен келіседі. Келісім күшіне енген күннен бастап келісім талаптарының орындалуына қатысты ақпарат ___________ тілде құрастырылады.

14. Қосымша ережелер

      32. Хабарламалар және осы келісім талаптарының орындалуы туралы ақпарат өз қолымен беріледі немесе хабарламамен бірге мына мекенжайға жіберіледі:

      уәкілетті орган:__________________________________________________;

      (аты-жөні, заңды мекенжайы, телефон нөмірлері)

      уәкілетті органның басшысы: ______________________________________;

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      инвестор:

      ________________________________________________________________;

      (аты-жөні, заңды және нақты мекенжайлары, телефондары, электрондық пошта)

      заңды тұлғаның басшысы;

      ________________________________________________________________.

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      34. Келісімде көрсетілген мекенжайларды өзгерткен кезде тараптардың әрқайсысы екі апта ішінде екінші тарапты жазбаша хабардар етуге міндетті.

      Қосымшалардың ережелері мен келісімнің өзі арасында қандай да бір қайшылықтар болған жағдайда, соңғысының негізгі мәні бар деп есептеледі.

      35. Келісімге Қазақстан Республикасы Астана қаласында __ _________ ____ Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойды.

Уәкілетті орган:
Қолы __________ М.П.

Инвестор:
Қолы __________ М.П. (бар болса)

  Инвестициялар туралы келісімге
Үлгілік нысанның
қосымшасы

Инвестициялық жобаны іске асыру кестесі _________________________________________________________________ (жоба атауы)

      Заңды тұлғаның атауы: _________________________________

      Инвестициялық міндеттемелер, мың теңге

№ p/p

Негізгі капиталға инвестициялар

күнтізбелік жыл

Барлығы

1 жыл

2 жыл

3 жыл

4 жыл

5 жыл

кейінгі жылдар





































Уәкілетті орган:
Қолы __________ М.П.

Инвестор:
қолы _____________ М.П. (қатысуымен)

  Инвестициялар туралы
келісімді жасасу, өзгерту
және бұзу қағидаларына
5-қосымша

Инвестициялар туралы келісім талаптарының орындалуы туралы ақпарат 20__жылғы "__"_______ № ________

________________________________
(Заңды тұлғаның атауы)

________________________________
(Заңды тұлғаның орналасқан жері)

      Кезең: 20 __ жыл

      Жиілігі: жартыжылдық

      Ұсынады: инвестициялар туралы келісім жасасқан инвестор

      Ұсыну мерзімі: ағымдағы жылдың 25 шілдесінен кешіктірмей және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін

1 бөлім. Тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге

№ р/с

Инвестициялық міндеттемелердің түрі, оның ішінде шығындар баптары бойынша

Жоспар

Факт

Ауытқулар (+; -)

Ауытқу себебі

Растайтын құжаттар (атауы, №, күні)

1

2

3

4

5

6

7























20___ жылға арналған барлық инвестициялар






2 бөлім. Кадрларды оқытуға қабылданған міндеттемелер бойынша салымдар






























Барлығы:






      Көрсетілген мәліметтердің шынайылығы мен дұрыстығын растаймыз.

      Орындаушы ________________________________________________________________

      Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Тел. __________________ электрондық пошта ____________ қолы____________

      Басшы ___________________________________________________________________

      Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Қол ________________________М.О (бар болған жағдайда)

      Бас бухгалтер ______________________________________________________________

      Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Қолы ______________________М.О (бар болған жағдайда)

      Келісімнің орындалуы туралы жылдық есептің нысанын толтыру бойынша түсініктеме.

      "Инвестициялар туралы келісім талаптарының орындалуы туралы ақпарат" нысанын Инвестиция жөніндегі уәкiлеттi органмен келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялық жобаны іске асыру кестесінде көзделген шығындар баптары, тіркелген активтердің пайдалануға берілгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, инвестициялық жобаны іске асыру кестесі бойынша инвестициялар салу аяқталғанға дейін ағымдағы жылдың 25 шілдесінен кеш емес және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін ұсынылады.

      Қосымшалар: инвестициялар туралы келісім жасасқан Тараптар басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған тіркелген активтердің пайдалануға берілгенін, қабылданған міндеттемелердің орындалғанын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

  Инвестициялар туралы
келісімді жасасу, өзгерту
және бұзу қағидаларына
6-қосымша

_______ жылғы "____" _______ № ________ Инвестициялық жобаны іске асыру кестесін орындаудың ағымдағы жай-күйінің АКТІСІ

      20____ жылғы "__" _______ № ________ Тіркелген активтерге инвестициялар

Инвестициялық жобаны іске асыру кестесін орындау туралы мәліметтер

Тексеру барысында белгіленген нақты деректер

Сомасының ауытқуы, +/- ("5 баған – "3" баған)

1

шығын баптары

сомасы (мың теңге)

пайдалануға енгізілген күні

сомасы (мың теңге)

пайдалануға енгізілген күні

1.1

2

3

4

5

6

7

және т.б.















Жиыны:






Растайтын құжаттарды көрсете отырып, нақты көрсеткіштердің жоспардан ауытқу себептері мен дәлелдері



      Қосымшалар:

      1) инвестициялар туралы келісім бойынша міндеттемелерді орындауды растайтын құжаттардың жиынтық тізілімі;

      2) инвестициялық қызмет объектісінің фото суреттері;

      3) инвестициялар туралы келісімге қатысты қосымша құжаттар.

      Инвестициялар туралы келісімді жасаған уәкілетті органның өкілі:

      __________________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      Мен, _____________________________________________________________________

      (инвестициялар туралы келісім жасасқан заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің

      аты (бар болса) және лауазымы)

      тексеру үшін ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыстығын растаймын.

      Тексеру нәтижелерімен таныстым

      __________________________________________________________________________

      (өткізілген тексеру бойынша ескертулер және/немесе ұсыныстар)

      _________________________________________________________________________

      (қолы және мөрі)

      Бас бухгалтер:______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады