Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 248-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 маусымда № 32852 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Д. Қыдырәлі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикаcының

      Оқу-ағарту министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикаcының

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Экология

      және табиғи ресурстар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму
министрі
2023 жылғы 15 маусымдағы
№ 248-НҚ Бұйрықпен
бекітілген

Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік орган – стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) өнім беруші – стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға шарт жасасқан үкіметтік емес ұйым;

      3) стратегиялық әріптес – осы Қағидаларға сәйкес конкурстық іріктеуден өткен, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шарты жасалған үкіметтік емес ұйым;

      4) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс – орталық атқарушы органдар жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға беретін қаражат;

      5) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру шарты – тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған шарт;

      6) тапсырыс беруші – стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі;

      7) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      8) Уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) – үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін уәкілетті орган құратын консультативтік-кеңесші орган.

2-тарау. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындау тәртібі

      3. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағытын айқындау үш кезеңде жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезең – мемлекеттік органдардың уәкілетті органға ұсыныстар енгізуі.

      Мемлекеттік органдар алдағы жылғы 10 қаңтарынан кешіктірмей уәкілетті органға стратегиялық әріптестік бағыттары бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын жоба тұжырымдамасы түрінде ұсыныстар енгізеді.

      2) екінші кезең – уәкілетті органның Үйлестіру кеңесінің қарауына стратегиялық әріптестік бағыттарын енгізуі.

      Уәкілетті орган жыл сайын күнтізбелік жылдың 20 ақпанына дейін мемлекеттік органдардың стратегиялық әріптестік бағыттары бойынша ұсыныстарын Үйлестіру кеңесінің қарауына жібереді.

      Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мәліметтерді көрсете отырып, Үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде уәкілетті орган айқындайды;

      3) үшінші кезең – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген тәртіппен бюджеттік өтінімге енгізу.

      Үшінші кезеңде мемлекеттік органдар уәкілетті органның шешімі негізінде өздерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген тәртіппен қалыптастырады.

3-тарау. Стратегиялық әріптесті конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі

      4. Стратегиялық әріптестерді айқындау осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік орган өткізетін конкурстық іріктеу арқылы әлеуетті стратегиялық әріптестердің ішінен жүзеге асырылады.

      5. Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) конкурстық комиссияны қалыптастыру және конкурстық құжаттаманы бекіту;

      2) конкурстың басталғаны туралы хабарландыруды мемлекеттік органның интернет-ресурсында және өзге де көздерде жариялау;

      3) өтінімдерді қабылдау және конкурстық іріктеуді өткізу.

      6. Конкурстық іріктеуді өткізу үшін тиісті мемлекеттік орган тиісті бюджет бекітілген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы бекітеді. Конкурстық құжаттаманы тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам бекітеді.

      7. Конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

      1) конкурс жариялаған мемлекеттік органның атауы және орналасқан жері;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әзірленген жоба тұжырымдамасы;

      Жобаның тұжырымдамасында мемлекеттік органдар әлеуетті стратегиялық әріптестерге жатқызу үшін мынадай талаптарды белгілейді:

      Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағында өз мүшелері (қатысушылары) бар республикалық қоғамдық бірлестік немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі болып табылу;

      әлеуетті стратегиялық әріптестің жарғылық мақсаттарының стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың мақсаттарына сәйкестігі;

      тиісті салаларда қызметінің бағыты бойынша жобаларды іске асыруда кемінде 3 (үш) жыл тәжірибесінің болуы;

      "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында мәліметтердің болуы;

      әлеуетті стратегиялық әріптестер өкілдерінің консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына кемінде 3 (үш) жыл қатысуы (консультативтік-кеңесші орган құрылған мемлекеттік органның анықтамасы негізінде);

      көрсетілетін қызметті алушылардан немесе әріптестерден әлеуетті стратегиялық әріптестердің жұмысы туралы кемінде 3 (үш) оң пікірдің болуы;

      ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді көздейтін жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік органдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде талаптарды белгілейді;

      мемлекеттік органдар стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бағытының мақсаттарына сүйене отырып, жоба тұжырымдамасында қосымша талаптарды белгілейді.

      3) іске асыру мерзімдері және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт жобасы;

      4) конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру тәртібі, тәсілі және түпкілікті мерзімі және конкурсқа қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданылу мерзімі;

      5) осы Қағидаларға 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес арыз, сауалнама және жоба нысандары;

      6) жобаны іске асыру үшін бөлінген сомалар туралы мәліметтер;

      7) конкурстық құжаттаманы түсіндіруді және конкурстық өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультацияны жүзеге асыратын мемлекеттік орган өкілінің байланыс деректері.

      Конкурстық құжаттамада әлеуетті стратегиялық әріптестерге өткізілетін конкурстардың шарттары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтердің мазмұнына жол беріледі.

      Мемлекеттік органдар конкурстық құжаттаманы бекіту кезеңінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау үшін электрондық пошта ашады.

      8. Конкурстық іріктеуді өткізу үшін тиісті мемлекеттік орган конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органның кемінде үш өкілін және азаматтық қоғамның кемінде төрт өкілін қосып, саны 7 (жеті) адамнан кем болмайтын конкурстық комиссияның құрамын қалыптастырады, оны мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам бекітеді.

      Комиссияның құрамына Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес салалардың бірі бойынша қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылар енгізіледі.

      Мемлекеттік орган конкурстық комиссия құрамы бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссия мүшелеріне әлеуетті стратегиялық әріптестердің тізімін және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүдделер қақтығысының бар не жоқ екені туралы хабарлама нысанын жібереді.

      Конкурстық комиссияның құрамы мүдделер қақтығысы болмаған жағдайда ғана бекітіледі.

      Мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары конкурстық комиссияның төрағасы болып табылады.

      Конкурстық комиссияның хатшысы тиісті мемлекеттік орган өкілдерінің қатарынан тағайындалады. Конкурстық комиссияның хатшысы ұйымдастыру функцияларын орындайды, конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.

      Конкурстық комиссия өз қызметін тиісті мемлекеттік орган бекітетін конкурстық комиссия туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      9. Мемлекеттік орган конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзінің ресми интернет-ресурсында алдағы конкурстық іріктеу туралы хабарландыру жариялайды және онда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) конкурс жариялаған мемлекеттік органның атауы;

      2) конкурстық құжаттама;

      3) әлеуетті стратегиялық әріптестерден өтінімдерді қабылдау аяқталатын уақыты мен күні және өтінімдерді жіберу үшін электрондық пошта;

      4) конкурстық құжаттаманы түсіндіруді және конкурстық өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультация беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган өкілінің байланыс деректері.

      Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі конкурс жарияланған күннен бастап кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн болуға тиіс.

      10. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін әлеуетті стратегиялық әріптестер өздерінің өтінімдерін мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде тиісті мемлекеттік органның электрондық поштасына жібереді, оған мынадай құжаттар (PDF форматында) кіреді:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысуға арыз;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті стратегиялық әріптестің сауалнамасы;

      3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орган бекіткен жоба тұжырымдамасында көрсетілген талаптарға сәйкес әзірленген жоба;

      4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама;

      5) заңды тұлға қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы, сондай-ақ қор, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі, өзге де ұйымдық-құқықтық нысандар үшін жарғы мен құрылтай шарты;

      6) конкурсқа қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтерді қамтиды:

      әлеуетті стратегиялық әріптестің жұмыс тәжірибесін растайтын шарттар мен көрсетілген қызметтер актілері;

      көрсетілген әріптестердің растайтын хаттары, тартылатын мамандардың ұсынылатын жобаға қатысуға келісімі;

      әлеуетті стратегиялық әріптестің жеке қаржылық салымы болған кезде растайтын құжаттар.

      11. Осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес берілген өтінімдерді конкурстық комиссияның хатшысы қабылдайды және олар тиісті мемлекеттік органның кеңсесінде тіркеледі.

      12. Өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссия олардың уәкілетті орган айқындаған стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бағыттарына, әлеуетті стратегиялық әріптестердің жарғылық құжаттарына сәйкес олардың қызметінің мақсаттарына сәйкестігін тексереді, сондай-ақ олардың осы Қағидаларда көзделген талаптарға және бекітілген конкурстық құжаттамаға сәйкестігін қарайды.

      3) тармақшаны қоспағанда, осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде конкурстық комиссия анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ізденушінің электрондық мекенжайына өтінімді талаптарға сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Осы Қағидалардың 10-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжат пысықтауға және өзгертуге жатпайды.

      Әлеуетті стратегиялық әріптес хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға пысықталған және (немесе) болмаған құжаттарды ұсынады.

      Сәйкессіздік фактілері бойынша шешімді конкурстық комиссия өз мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылдайды және ол рұқсат беру хаттамасында көрсетіледі, ол конкурстық комиссия төрағасының және оның мүшелерінің қолдарымен расталады.

      Конкурстық комиссия көрсетілген сәйкессіздіктердің болуы туралы шешім қабылдаса, әлеуетті стратегиялық әріптестің өтінімі қабылданбайды және оны конкурстық комиссия бағаламайды.

      13. Әлеуетті стратегиялық әріптестің өтінімін конкурстық комиссия мүшелері осы Қағидаларға 7-қосымшада көзделген өлшемшарттарға сәйкес рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бағалауға тиіс.

      Конкурстық комиссияның мүшелері хатшыға түсініктемелері бар толтырылған және қол қойылған бағалау парағын береді.

      Бағалау парақтарын алғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия төрағасының және оның мүшелерінің қолдарымен расталатын жиынтық бағалары бар хаттаманы қалыптастырады.

      14. Конкурстық іріктеу процесінде бағалау қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған әлеуетті стратегиялық әріптес стратегиялық әріптес болып танылады.

      Мемлекеттік орган конкурстық іріктеу қорытындылары шығарылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның тиісті хаттамасын өзінің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.

      15. Конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша тиісті мемлекеттік орган 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасасады.

      16. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартына стратегиялық әріптестік мақсаттарына қол жеткізудің нысаналы көрсеткіштері және өзінің өтінімдерін бағалау үшін конкурсқа қатысуға әлеуетті стратегиялық әріптес ұсынған жоба енгізіледі.

      17. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шарты мемлекеттік орган қол қойған кезден бастап 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге жасалады.

      Тиісті мемлекеттік органнан стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартына бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қояды.

      18. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың әрбір бағыты бойынша бір ғана стратегиялық әріптес айқындалады. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындаудың үлгі шартының нысаны бойынша мемлекеттік орган мен стратегиялық әріптес арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.

4-тарау. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартын атқару

      19. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың міндеттемелерін орындағаны үшін тиісті мемлекеттік орган стратегиялық әріптеске көрсетілген қызметтер актісіне сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартында айқындалған мөлшерде және тәртіппен жыл сайын ақшалай қаражат төлейді.

      20. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартының талаптарын стратегиялық әріптестің атқаруы мемлекеттік орган мынадай тәсілдермен әкімшілендіріледі:

      1) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартына сәйкес ұсынылатын стратегиялық әріптестің есептілігін талдау;

      2) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартында мәлімделген стратегиялық әріптестіктің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау;

      3) мемлекеттік органның стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартының атқарылу жай-күйін бағалау үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуы.

      Стратегиялық әріптестер мемлекеттік органға тоқсан сайынғы негізде аралық есептерді, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру қаражатын пайдаланудың қаржылық есебін қоса алғанда, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асырудың аяқталуы бойынша қорытынды есепті шартта белгіленген мерзімдерде ұсынады.

      21. Мемлекеттік органдар жыл сайын 1 желтоқсанға дейін уәкілетті органға осы Қағидаларға сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат беріп тұрады.

      22. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт стратегиялық әріптесті таңдау үшін негіз болған сапа мен басқа да шарттардың өзгермеуі шартымен өзгертілуге тиіс.

      23. Стратегиялық әріптестің кінәсінен стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шартта белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізілмеген және (немесе) стратегиялық әріптес өз міндеттемелерін жүйелі түрде орындамаған кезде мемлекеттік орган осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шартты бұзу рәсіміне бастама жасайды.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін стратегиялық әріптестің міндеттемелерді жүйелі түрде орындамауы деп күнтізбелік бір жыл ішінде шартта көзделген міндеттемелерді екі рет атқармау жағдайы түсініледі.

      24. Осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартының атқарылуы бұзылса, мемлекеттік орган бұзушылық анықталған кезден бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде стратегиялық әріптесті хабарламаны алған кезден бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартын тиісінше орындау қажеттігі туралы жазбаша хабардар етеді.

      Стратегиялық әріптес бұзушылықтарды 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жоймаған кезде стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның бастамасы бойынша біржақты тәртіппен бұзылады.

      25. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шарты бұзылған кезде мемлекеттік орган осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес тиісті бағыттар бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартының қолданылуының қалған мерзіміне немесе жаңа мерзімге стратегиялық әріптестікке жаңа конкурстық іріктеуді жүргізеді.

      26. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтердің актісін мемлекеттік орган мен азаматтық қоғам өкілдерінен тиісті мемлекеттік орган құрған комиссия алдағы 3 (үш) жылға қабылдайды.

      Комиссияның құрамына Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген салалардың бірі бойынша қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылар енгізіледі.

      Комиссия мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.

      Комиссия мүшелері мемлекеттік органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыратын әлеуетті стратегиялық әріптеспен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы хабарлама ұсынады.

      Мемлекеттік орган стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша мемлекеттік орган мен стратегиялық әріптес арасында жасалған шарт бойынша стратегиялық әріптестің есебін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны комиссияның қарауына жібереді.

      Комиссияның шешімі отырыста қабылданады және мемлекеттік органнан есептер келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Комиссияның шешімі отырысқа қатысқан мүшелердің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.

      Мемлекеттік орган комиссияның хаттамалық шешімін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілген қызметтердің тиісті актісіне қол қояды не дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, бас тартады.

  Стратегиялық әріптестікті іске
асыруға арналған мемлекеттік
тапсырысты жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша

Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттары бойынша ұсыныс

№ Р/с №

Мемлекеттік органның атауы

Саланың атауы

Бағыттың атауы

Стратегиялық әріптестіктің мақсаты

Ағымдағы жағдайдың, орын алған проблемалардың қысқаша сипаттамасы

Сомасы (мың теңге)

Стратегиялық әріптестіктің мақсаттарына қол жеткізудің ұсынылатын нысаналы көрсеткіштері

1








  Стратегиялық әріптестікті іске
асыруға арналған мемлекеттік
тапсырысты жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша

Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бағыттары бойынша жобаның тұжырымдамасы мыналарды:

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру саласын;

      ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың сипаттамасын;

      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған мақсаттарға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;

      әлеуетті стратегиялық әріптестерге қойылатын талаптарды;

      стратегиялық әріптестікті іске асыру үшін қажетті соманы;

      стратегиялық әріптестіктің мақсаттарына қол жеткізуден күтілетін нәтижелер мен нысаналы көрсеткіштерді қамтиды.

  Стратегиялық әріптестікті іске
асыруға арналған мемлекеттік
тапсырысты жүзеге асыру
қағидаларына
3-қосымша
Кімге:______________________
  (тапсырыс берушінің атауы)
  Кімнен: ____________________
  (әлеуетті стратегиялық
әріптестің толық атауын
көрсету)

Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс беруге арналған конкурсқа қатысуға арыз*

      Осы арызбен ______________________________________________________________

      (әлеуетті стратегиялық әріптестің толық атауын көрсету)

      (бұдан әрі – арыз иесі) бағыт бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға

      мемлекеттік тапсырыс беруге арналған конкурсқа (бұдан әрі – конкурс) қатысуға ниет

      білдіреді:

      "________________________________________________________________________"

      және конкурс шарттарына сәйкес жобаны іске асыруға келісім беру.

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (ұйым басшысының лауазымы) (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      Толтыру күні: 20___жылғы "____" ______________________

      ____________________________________________________

      * Арыз иесінің фирмалық бланкісінде толтырылады.

  Стратегиялық әріптестікті іске
асыруға арналған мемлекеттік
тапсырысты жүзеге асыру
қағидаларына
4-қосымша
нысан

Әлеуетті стратегиялық әріптестің сауалнамасы

1. БСН


2. Ұйымның толық атауы және ұйымның тіркелген күні


3. Ұйымның заңды мекенжайы


4. Ұйымның байланыс телефоны


5. Әлеуметтік желілердегі веб-сайт, парақшалар (топтар, аккаунттар)


6. Консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысуға қатысты ақпарат


7. Іске асырылған негізгі жобалар мен бағдарламалар *
Ескертпе.
*
Жобалардың іске асырылуын және арыз иесінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар көрсетілген қызметтердің тиісті шарттары мен актілері болып табылады

Әлеуметтік жобаның атауы

Қаржыландыру көлемі (мың теңге.)

Қаржыландыру көзі / Тапсырыс беруші

Орындау кезеңі

Негізгі нәтижелері

Басталуы

Аяқталуы


1








  Стратегиялық әріптестікті іске
асыруға арналған мемлекеттік
тапсырысты жүзеге асыру
қағидаларына
5-қосымша
нысан

Әлеуетті стратегиялық әріптестің жобасы

1. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыты


2. Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу жолдарын сипаттау, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты бағыт мақсаттарына қол жеткізу


3. Жобаның мақсаты


4. Жобаның міндеттері


5. Жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері) (сұрақтарға жауап беру қажет: белгіленген мақсаттарға қалайша қол жеткізіледі, қойылған міндеттер қалай орындалады, олардың шешімін кім жүзеге асырады, бұл ретте қандай ресурстар тартылады)


6. Жобаны іске асыру аумағы


7. Жобаны іске асырудың басталу және аяқталу күні


8. Жобаның нысаналы топтары


9. Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған жобаның нәтижелері


Сандық нәтижелер


Сапалық нәтижелер және оларды өлшеу тәсілдері


10. Жоба әріптестері*
* әріптестердің хаттарымен расталады
Жобаның барлық әріптестері тізімделеді, олардың жобаға қатысуы сипатталады (мысалы, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-сектор өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, халықаралық ұйымдар және басқалар), сондай-ақ қолдау түрлері (ақпараттық, консультациялық және басқалар)

Әріптес

Қолдау түрі

11. Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады


Іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспары


р\с

Шешілетін міндет

Іс-шара, оның мазмұны, өткізу орны

Басталу мерзімі

Аяқталу мерзімі

Күтілетін нәтиже






Жобалау командасының құрамы (ұсынылған жобаны іске асыруға тартылатын жұмыскерлер/мамандар)

Жобалау командасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымы

Жобалардың атауын және оларды іске асырудағы рөлін көрсете отырып, жобаның міндеттеріне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі

Жұмыскердің еңбек өтілі (жылдар санын көрсету)

Жобадағы міндеттер,
жауаптылық






Жоба шығыстарының сметасы

Шығыс баптары

Өлшем бірлігі

Саны

Құны, теңгемен

Барлығы, теңгемен

Қаржыландыру көздері

Негіздеме/түсініктеме

Арыз иесі (өз салымы)

Бюджеттік қаражат











Жиыны








  Стратегиялық әріптестікті іске
асыруға арналған мемлекеттік
тапсырысты жүзеге асыру
қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Кімге:
  _______________________
  _______________________
  (мемлекеттік органның атауы)
  Кімнен:
  ________________________
  ________________________
  (сарапшының тегі, аты, әкесінің
  аты (болған жағдайда)

Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыратын мемлекеттік органмен және арыз иелері – әлеуетті стратегиялық әріптестермен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы (қажеттінің астын сызу) туралы хабарлама

      Мен ______________________________________________________________________

      (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыратын мемлекеттік органмен және арыз иелері – әлеуетті стратегиялық әріптестермен мүдделер қақтығысының жоқтығы туралы хабарлаймын, тәуелсіз сарапшы ретінде өз қызметімді жүзеге асырған кезде әділдік пен объективтілік қағидаттарын мүлтіксіз ұстанатын боламын;

      стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыратын мемлекеттік органмен және (немесе) арыз иелері – әлеуетті стратегиялық әріптестермен мүдделер қақтығысының бар екенін (қажеттісін белгілеу) хабарлаймын.

      Сіз әлеуетті стратегиялық әріптес – арыз иесінің мүшесі (қатысушысы), құрылтайшысы (қажеттісінің астын сызу) болып табыласыз ба (егер солай болса, үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Сіз басқару органының мүшесі, әлеуетті стратегиялық әріптес – арыз иесінің басшысы болып табыласыз ба (егер солай болса, басқару органын, үкіметтік емес ұйымның атауын және атқаратын лауазымын көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сіз соңғы үш жыл ішінде көрсетілген қызметтер үшін ақы алдыңыз ба немесе әлеуетті стратегиялық әріптес – арыз иесінен тікелей қаржылық қолдау алдыңыз ба (егер солай болса, нақты қандай қызметтер мен үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сіздің арыз иесі – әлеуетті стратегиялық әріптестің жұмыскерлерімен жақын туыстық байланыстарыңыз бар ма (егер солай болса, онда жұмыскердің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), ол жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымның атауын, туыстық дәрежесін көрсету керек):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сізде өзге де ықтимал мүдделер қақтығысы бар ма (егер болса, онда қандай екенін көрсету керек):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Мен мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді растаймын және хабарламаны толтырған кезде анық ақпарат ұсынамын.

      20___жылғы "____" ________________ Қолы_____________

  Стратегиялық әріптестікті іске
асыруға арналған мемлекеттік
тапсырысты жүзеге асыру
қағидаларына
7-қосымша

Іріктеу өлшемшарттары және бағалау парағының нысаны

      Конкурстық комиссияның мүшелері әлеуетті стратегиялық әріптестердің өтінімдерін көрсетілген бағалау парақтарына сәйкес бағалайды.

Балл Өлшемшарттың атауы Баға
(5 балдық шәкіл бойынша)
Түсініктеме (қажетіне қарай)

1

2

3

4

1.

Жобаның Тапсырыс берушінің бекітілген тұжырымдамасының талаптарына сәйкестігі



0

ұсынылатын жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларында және тапсырыс берушінің бекітілген тұжырымдамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейді.
(сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті стратегиялық әріптес конкурсқа қатысуға жіберілмейді).



1-3

ұсынылатын жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларында және тапсырыс берушінің бекітілген тұжырымдамасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді, сондай-ақ жоба соларды шешуге бағытталған проблемалар егжей-тегжейлі ашылған, олардың сипаттамасы дәлелденген және нақты сандық және (немесе) сапалық көрсеткіштер бекітілген.



4-5

ұсынылатын жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларында және тапсырыс берушінің бекітілген тұжырымдамасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді, сондай-ақ жоба соларды шешуге бағытталған проблемалар егжей-тегжейлі ашылған, олардың сипаттамасы дәлелденген және нақты сандық және (немесе) сапалық көрсеткіштер бекітілген және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартатын қосымша іс-шаралар көзделген.



2.

Жобаның логикалық байланыстылығы және іске асырылуы, жоба іс-шараларының оның мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі



0

міндеттер, іс-шаралар мен болжамды нәтижелер арасында логикалық байланыс бұзылған; жобаның іс-шаралары оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейді, жоспарланатын қызмет пен күтілетін нәтижелер арасында қайшылықтар бар.
(сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті стратегиялық әріптес конкурсқа қатысуға жіберілмейді).



1-3

егжей-тегжейлі жобаның барлық бөлімдері логикалық тұрғыдан өзара байланысты, бірақ жобаның ішкі тұтастығын бұзатын болмашы мағыналық сәйкессіздіктер бар.



4-5

егжей-тегжейлі жобаның барлық бөлімдері логикалық тұрғыдан өзара байланысты, әр бөлімде жобаның мазмұнын толық түсіну үшін қажетті және жеткілікті ақпарат қамтылған.



3.

Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған қызмет бағыты бойынша әлеуетті стратегиялық әріптестің жобаларында жұмыс тәжірибесінің болуы*



1

тиісті салалардағы қызмет бағыты бойынша жобаларды іске асырудағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жылды құрайды және тиісті құжаттармен расталған.



2-3

тиісті салалардағы қызмет бағыты бойынша жобаларды іске асырудағы жұмыс тәжірибесі 3 (үш) жылдан астам және қоса алғанда 5 (бес) жылға дейін құрайды және тиісті құжаттармен расталған.



4-5

тиісті салалардағы қызмет бағыты бойынша жобаларды іске асырудағы жұмыс тәжірибесі 5 (бес) жылдан астам уақытты құрайды және тиісті құжаттармен расталған.



4.

Жобалық командасының тәжірибесі мен құзыреттерінің жоспарланған қызметке сәйкестігі **



0

жоқ немесе тиісті құжаттармен расталмаған.



1-3

жобаны іске асыруға тарту жоспарланып отырған мамандардың жобаны тиімді іске асыру үшін қажетті практикалық тәжірибесі мен біліктілігі бар және тиісті құжаттармен расталған; әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тарту жоспарланып отырған мамандардың әлеуметтік жобадағы және (немесе) әлеуметтік бағдарламадағы міндеттері олардың тәжірибесі мен біліктілігіне ішінара сәйкес келеді.



4-5

жобаны іске асыруға тарту жоспарланып отырған мамандардың жобаны тиімді іске асыру үшін қажетті практикалық тәжірибесі мен біліктілігі бар және тиісті құжаттармен расталған; әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тарту жоспарланып отырған мамандардың әлеуметтік жобадағы және (немесе) әлеуметтік бағдарламадағы міндеттері олардың тәжірибесі мен біліктілігіне толық сәйкес келеді.



5

Жобаны тиімді іске асыру үшін әріптестерді тарту ***



0

Жоба шеңберінде әріптестерді тарту көзделмеген немесе тиісті құжаттармен расталмаған.



2-3

мәлімделген аумақта жобаны іске асыру мүмкіндігі 3-тен 5-ке дейін әріптесті тарту есебінен толық көлемде қамтамасыз етілген, көрсетілген қолдау түрі жобаның мақсаттары мен міндеттеріне ішінара сәйкес келеді және тиісті құжаттармен расталған.



4-5

мәлімделген аумақта жобаны іске асыру мүмкіндігі 5-тен 10-ға дейін әріптесті тарту есебінен толық көлемде қамтамасыз етілген, көрсетілген қолдау түрі жобаның мақсаттары мен міндеттеріне толық сәйкес келеді және тиісті құжаттармен расталған.



4.

Әлеуетті стратегиялық әріптестің өз қаржылық салымының болуы және жобаны іске асыруға тартылатын қосымша ресурстар, оны одан әрі дамыту перспективалары****



0

жоқ немесе тиісті құжаттармен расталмаған.



1-3

әлеуетті стратегиялық әріптестің меншікті қаржылық салымы және жобаны іске асыруға тартылатын қосымша ресурстар тиісті құжаттармен расталатын стратегиялық әріптестік бағытын іске асыру үшін мемлекет бөлетін соманың 5 %-на дейін құрайды.



4-5

әлеуетті стратегиялық әріптестің меншікті қаржылық салымы және жобаны іске асыруға тартылатын қосымша ресурстар тиісті құжаттармен расталатын стратегиялық әріптестік бағытын іске асыру үшін мемлекет бөлетін соманың 5%-дан астамын құрайды.




Жиыны:


      * тәжірибе тиісті шарттармен және көрсетілген қызметтердің актілерімен расталады;

      ** Мамандардың біліктілігін растайтын құжаттар білім туралы дипломдар және тиісті тақырып бойынша курстардан, семинарлардан өткені туралы сертификаттар болып табылады.

      Мамандардың тәжірибесін растайтын құжаттар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларда көзделген құжаттардың бірі болып табылады

      *** әріптестерді тарту әріптестердің хаттарымен расталады

      **** қаржылық салым өздерінің растау хаттарымен расталады.

  Стратегиялық әріптестікті іске
асыруға арналған мемлекеттік
тапсырысты жүзеге асыру
қағидаларына
8-қосымша

Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындаудың үлгілік шарты

      <Тапсырыс берушінің толық атауы>, бұдан әрі "тапсырыс беруші" деп аталатын, оның атынан<тапсырыс берушінің лауазымы><тапсырыс берушінің Т.А.Ә.>, бір тараптан <тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін және <өнім берушінің толық атауы>, бұдан әрі "өнім беруші" деп аталатын, оның атынан <тапсырыс берушінің лауазымы ><өнім берушінің Т.А.Ә.> екінші тараптан бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабы 4-тармағының және конкурстық комиссияның <қорытындылар күні> жылғы № <нөмір> хаттамасы негізінде стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Шарттың нысанасы

      1.1. Өнім беруші осы Шартқа оның ажырамас бөлігі болып табылатын 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген жағдайларға, талаптарға сәйкес қызмет көрсетуге міндеттенеді, ал тапсырыс беруші өнім беруші осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда көрсетілген қызметті (терді) қабылдауға және оны (оларды) осы Шарттың талаптарында төлеуге міндеттенеді:

      <ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша – <1-ерекшелік бойынша Шарт нысанасының қысқаша сипаттамасы>

      …

      <ерекшелік коды > ерекшелігі бойынша – <№ 1-ерекшелік бойынша Шарт нысанасының қысқаша сипаттамасы>

      1.2. Төменде тізбеленген құжаттар мен оларда айтылған жағдайлар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) осы Шартқа 1-қосымша (Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тапсырыс беруші әзірлеген жоба тұжырымдамасы);

      3) осы Шартқа 2-қосымша (өнім беруші өз өтінімдерін бағалау үшін конкурсқа қатысуға ұсынған жоба).

2. Шарттың сомасы және ақы төлеу жағдайлары

      2.1. Шарттың жалпы сомасы <шарт сомасы> (<сома жазумен>) теңге және қызмет көрсетуге байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> теңге> /< ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі – Шарт сомасы) қамтиды.

      2.2. Аумақтық қазынашылық органында Шарт бюджеттік бағдарлама бойынша <Бағдарламаның коды және атауы> бюджеттік бағдарламасы, <Код және кіші бағдарламаның атауы> кіші бағдарламасы, ерекшелік <код және ерекшеліктің атауы> - <ерекшелік бойынша сома> (<ерекшелік бойынша сома жазумен>) теңге, <оның ішінде ҚҚС> < ҚҚС сомасы > теңге/ < ҚҚС есепке алмағанда> <____> жылға тіркелуге жатады.

      2.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін _______ мөлшерінде аванстық төлем жүргізіп, Шарт сомасынан _______алдын ала төлемді жүзеге асырады.

      Қалған соманы тапсырыс беруші бұрын төленген авансты пропорционалды ұстап қалуды ескере отырып, көрсетілген қызметтер актісіне тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өнім берушінің есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен төлейді.

      Көрсетілген қызметтер үшін төлемді тапсырыс беруші тараптардың көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей <ақы төлеу жағдайы> өнім берушінің есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізеді.

      2.4. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

      1) аумақтық қазынашылық органында тіркелген қол қойылған Шарт;

      2) көрсетілген қызметтер актісі (актілері);

      3) өнім беруші тапсырыс берушіге ұсынған көрсетілген қызметтердің жалпы сомасын сипаттайтын, көрсететін электрондық шот-фактура.

3. Тараптардың міндеттемелері

      3.1. Өнім беруші:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаған кезде көрсетілетін қызметтердің Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      3) Шарт талаптарын орындау үшін өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа адамдар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындау үшін қаншалықты қажет болса, сондай шамада берілуге тиіс;

      3.2. Өнім беруші тапсырыс берушіден Шарт бойынша көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді талап етуге құқылы.

      3.3. Тапсырыс беруші:

      1) көрсетілген қызметтердің сәйкессіздігі анықталатын болса, өнім берушіні дереу жазбаша хабардар етуге;

      2) көрсетілген қызметтерді қабылдаған кезде көрсетілген қызметтер актісіне қол қоюға не оны қабылдамаудың дәлелді негіздемелерін көрсете отырып, қабылдаудан бас тартуға міндеттенеді.

      3.4. Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтердің сапасын тексеруге құқылы.

4. Қызметтер көрсету

      4.1. Өнім берушінің қызметтер көрсетуі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын шартқа 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.

      4.2. Өнім беруші тапсырыс берушіге көрсетілетін қызметтерді осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте толық тапсырған жағдайда қызмет көрсетілген болып саналады.

5. Тараптардың жауаптылығы

      5.1. Тараптар осы Шарттың шеңберінде өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      5.2. Секвестрді және (немесе) тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша жетіспеген жағдайларды қоспағанда, егер тапсырыс беруші өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, онда тапсырыс беруші кідіртілген төлемдер бойынша өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.

      5.3. Қызметтер көрсету мерзімдері өтіп кеткен жағдайда өнім беруші міндеттемелерін толық орындамаса, тапсырыс беруші одан мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 %-ы (нөл бүтін оннан бір пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалады (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаса (ішінара орындамаса), мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 %-ы (нөл бүтін оннан бір пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалады (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан (он пайыз) аспауға тиіс.

      5.4. Өнім беруші қызметтер көрсетуден бас тартқан жағдайда немесе қызметтер көрсету мерзімін Шарт бойынша қызметтер көрсету мерзімі аяқталған күннен бастап бір айдан асатын мерзімге өткізіп алса, бірақ Шарттың қолданылу мерзімі аяқталмаса, тапсырыс беруші өнім берушіден мерзімі өткізіп алған әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 %-ы (нөл бүтін оннан бір пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп алып, осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.

      5.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      5.6. Егер кез келген өзгеріс өнім берушіге Шарт бойынша қызметтер көрсету үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, Шарт сомасы, немесе қызметтер көрсету кестесі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізу жөніндегі барлық сұратуы өнім беруші тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуға тиіс.

      5.7. Өнім беруші осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен де, ішінара да біреуге бермеуге тиіс.

6. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу жағдайлары

      6.1. Шарт <тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркегеннен кейін/қол қойылған күннен бастап> күшіне енеді және <____> дейін қолданылады.

      6.2. Өнім берушінің кінәсінен Шартта белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізілмеген және (немесе) өнім беруші өз міндеттемелерін жүйелі түрде орындамаған жағдайларда Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Осы тармақтың мақсаттары үшін міндеттемелерді жүйелі түрде орындамау деп күнтізбелік бір жыл ішінде Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаудың екі жағдайы түсініледі.

      6.3. Шарт тараптардың келісуі бойынша оны одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда бұзылуы мүмкін.

7. Хабарлама

      7.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама ақы төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, факс не телефакс арқылы жіберіледі.

      7.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енуі көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) осы күндердің қайсысы кешірек болатынына қарай күшіне енеді.

8. Форс-мажор

      8.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болып табылса, тараптар ол үшін жауапты болмайды.

      8.2. Шарттың мақсаттары үшін "форс-мажор" тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар соғыс қимылдарын, табиғи немесе дүлей апаттарды және басқаларды қамтуы мүмкін, бірақ бұл толық тізім емес.

      8.3. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде өнім беруші тапсырыс берушіге осындай мән-жайлар және олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін қаншалықты орынды болса, орындауды жалғастырады және Шартты орындаудың форс-мажорлық мән-жайларға тәуелді болмайтын баламалы тәсілдерін іздестіреді.

9. Даулы мәселелерді шешу

      9.1. Тапсырыс беруші мен өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күшін салуы тиіс.

      9.2. Егер осындай келіссөздерден кейін тапсырыс беруші мен өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

10. Өзге жағдайлар

      10.1. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

      10.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасқандай нысанда жасалады.

      10.3. Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.

      10.4. Шартта реттелмеген бөлікте тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

11. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші
< толық атауы>
< толық заңды мекенжайы>
БСН < БСН> БСК <БСК
ЖСК<ЖСК
<Банктің атауы> тел.: <телефоны>
< лауазымы>< <Т.А.Ә.>

Өнім беруші
< толық атауы>
< толық заңды мекенжайы>
БСН/ЖСН/ТЕН <БСН/ЖСН/ТЕН
БСК< БСК>ЖСК< ЖСК>
<Банктің атауы> тел.: < телефоны>
< лауазымы> < Т.А.Ә.>


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады