Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті дайындау және бекіту қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 маусымда № 32870 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 143) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті дайындау және бекіту қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 20 маусымдағы
№ 118 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті дайындау және бекіту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті дайындау және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 143) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті қалыптастыру және бекіту тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есеп (бұдан әрі – есеп) – мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік орган қалыптастырған есеп;

      3) Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есеп (бұдан әрі – жылдық есеп) – уәкілетті орган қалыптастырған есеп;

      4) реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есеп (бұдан әрі – РӘТ жөніндегі есеп) – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы қалыптастырған есеп;

      5) реттеуші мемлекеттік органдар – мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын, реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған мемлекеттік органдар.

2-тарау. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту тәртібі

      3. Жылдық есепті уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жыл қорытындылары бойынша есептердің және РӘТ жөніндегі есептердің негізінде қалыптастырады.

      4. Есептер/РӘТ жөніндегі есептер реттеуші мемлекеттік органдардың/облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылады және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірілмей уәкілетті органға енгізіледі.

      5. Есеп мынадай:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру құжаттары жөніндегі;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік органның ақпаратын;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттық құралдар жөніндегі;

      4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзін-өзі реттейтін ұйымдар жөніндегі;

      5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеушілік әсерді талдау жөніндегі ақпаратты қамтиды.

      6. Реттеуші мемлекеттік органдардың осы Қағидалардың 5-тармағының 1), 2), 3) 4) және 5) тармақшаларында көзделген ақпараты талдануға жатады және талдамалық жазбалармен сүйемелденеді:

      1) рұқсат беру құжаттары жөніндегі ақпаратқа талдамалық жазба, онда:

      мемлекеттік орган реттейтін салалардағы рұқсат беру құжаттарының саны мен атауы;

      халықаралық шарттарға сәйкес енгізілген рұқсат беру құжаттарының саны мен атауы (акт деректемелері мен оның құрылымдық элементін көрсете отырып);

      есепті кезеңде берілген рұқсат беру құжаттарының саны;

      әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат (төмен деңгейге ауыстыру, рұқсат беру құжатын алып тастау, рұқсат беру құжатын беру мерзімін және оны беруге қойылатын талаптарды оңтайландыру) қамтылады.

      Ескертпе: мемлекеттік органның құзыретіне жататын барлық рұқсат беру құжаттары бойынша бір ортақ талдамалық жазба толтырылады;

      2) мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі ақпаратқа талдамалық жазба, онда:

      өткен ұқсас кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларында жүргізілген ағымдағы ахуалды талдау нәтижелері;

      мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу нәтижелері бойынша сандық және сапалық көрсеткіштердің серпіні (төмендеу және ұлғаю);

      өткен кезеңмен салыстырғанда бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде адамның өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру тәуекелін, ықтималдығын төмендетуді қамтамасыз ететін мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігі;

      тексерілетін адал субъектілерді көтермелеу, бақылауды және қадағалауды бұзушыларға шоғырландыру негізінде мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жүргізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілерінің заңнама талаптарын сақтауы үшін оларды ынталандыру жөніндегі шаралар туралы ақпарат;

      бақылау және қадағалау салаларында адам өмірінің және денсаулығының, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін сақтауды қамтамасыз ететін бақылаудың және қадағалаудың баламалы нысандарын енгізу және жетілдіру туралы ақпарат;

      мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылады;

      3) ақпараттық құралдар жөніндегі ақпаратқа талдамалық жазба, онда:

      мыналарды:

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ақпараттық құралдардың саны мен атауын;

      электрондық/қағаз форматқа бөлініп ұсынылған ақпараттың саны туралы мәліметтерді;

      ақпаратты басқа реттеуші мемлекеттік органға ұсынудың қайталануы туралы мәліметтерді;

      ақпараттық құралдарды оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды қоса алғанда, ұсынылған ақпаратты талдау қамтылады;

      4) өзін-өзі реттейтін ұйымдар жөніндегі ақпаратқа талдамалық жазба, онда:

      реттелетін саладағы (аядағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың жұмыс істеуін талдау;

      өзін-өзі реттейтін ұйымдардың саны туралы және өзін-өзі реттеу енгізілген мемлекеттік басқару салалары немесе аялары туралы мәліметтер;

      өзін-өзі реттеуді енгізу жоспарланатын мемлекеттік басқару салалары немесе аялары;

      өзін-өзі реттеу институтын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылады;

      5) реттеушілік әсерді талдау жөніндегі ақпаратқа талдамалық жазба, онда:

      реттеушілік әсерді талдау рәсімі жүргізілген талаптардың саны;

      оң және теріс қорытындылардың саны көрсетіле отырып, реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы туралы алынған қорытындылардың саны;

      мыналарды:

      қайта қарауға жоспарланған талаптардың санын;

      қайта қаралған талаптардың санын;

      қайта қарау қорытындылары бойынша қабылданған шешімдер туралы мәліметтерді қоса алғанда, қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарау жоспарының орындалуын талдау;

      мыналарды:

      өткізу орны мен уақытын көрсете отырып, қатысушылардың саны туралы ақпаратты;

      жаңа талаптарды орындаумен байланысты қаржылай пайдалар мен шығасыларды (монеталануын) талдауды;

      мемлекеттік органның реттеу қызметі саласындағы келесі жылға арналған болжамды реформалардың жоспарларын қоса алғанда, реттеушілік әсерге талдау жүргізу практикасын оқыту бойынша іс-шараларға қатысуды талдау қамтылады.

      7. РӘТ жөніндегі есеп өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын әзірлеушілердің, өңірлік палатаның және басқа мүдделі тұлғалардың осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы берілген қорытындылар туралы ақпараттан тұрады және талдамалық жазбамен сүйемелденеді.

      8. Талдамалық жазба мыналарды қамтиды:

      теріс қорытындылар беру себептері, оның ішінде:

      қоғамдық талқылауларды өткізбеу;

      проблеманы және реттеу мақсатын дұрыс айқындамау;

      баламалы реттеу тәсілдерінің болмауы (тиімсіз баламалар);

      шығасылардың (монеталанудың) есептемесін жүргізбеу;

      баламалы реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы ақпаратты талдау (жалпы саны, кім жүргізді);

      мыналарды:

      қайта қарауға жоспарланған талаптардың санын;

      қайта қаралған талаптардың санын;

      қайта қарау қорытындылары бойынша қабылданған шешімдер туралы мәліметтерді қоса алғанда, қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарау жоспарының орындалуын талдау;

      өткізу орны мен уақытын көрсете отырып, қатысушылардың саны туралы ақпаратты қоса алғанда, реттеушілік әсерге талдау жүргізу практикасын оқыту бойынша іс-шараларға қатысуды талдау қамтылады.

      9. Уәкілетті орган есептер және РӘТ жөніндегі есептер түскен кезден бастап оларды күнтізбелік алпыс күн ішінде қарайды және нәтижелері бойынша жылдық есепті қалыптастырады.

      10. Жылдық есепті қалыптастыру кезеңінде қажет болған кезде, бірақ осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалған жылдық есепті қалыптастырудың мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган есептерді/РӘТ жөніндегі есептерді пысықтау үшін ескертулерді алған кезден бастап оларды күнтізбелік 10 (он) күн ішінде пысықтайтын тиісті реттеуші мемлекеттік органға/облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына жолдайды.

      11. Жылдық есеп оны Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда (бұдан әрі – ВАК) мақұлдау арқылы бекітіледі.

      12. Уәкілетті орган қалыптастырған жылдық есеп есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін ВАК қарауына шығарылады.

      Жылдық есепті пысықтау бойынша ВАК ұсынымдары болған жағдайда уәкілетті орган күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей оған тиісті түзетулерді енгізеді, одан кейін ВАК қарауына қайта шығарады.

      13. Жылдық есеп бекітілген кезінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

  Қазақстан Республикасындағы
кәсіпкерлік қызметті реттеудің
жай-күйі туралы жылдық есепті
дайындау және бекіту
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Рұқсат беру құжаттары жөніндегі ақпарат*

      ____________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

1.

Рұқсат беру құжатының атауы

Рұқсат беру рәсімінің талаптарына сәйкес кәсіпкерлік субъектісіне немесе жеке тұлғаға берілетін құжаттың толық атауы көрсетіледі. Мысалы:
Тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттау туралы куәлік;
Медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензия;
Дәрілік заттарға арналған тіркеу куәлігі

2.

Рұқсат беру құжаты қандай деңгейде беріледі

Орталық деңгейде ________________________________________
Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі __________
Жергілікті атқарушы орган ________________________________
Мемлекеттік органға ведомстволық бағынысты ұйым филиалы (аумақтық бөлімшесі) ____________________________________

3.

Рұқсат беру құжаты енгізілген күн

Рұқсат беру құжатын беру рәсімін белгілейтін соңғы нормативтік құқықтық актінің қабылданған күні. Рәсімдегі өзгерістерді белгілейтін нормативтік құқықтық актінің қабылданған күні көрсетілмейді

4.

Өтініш берген кезден бастап рұқсат беру құжатын берудің ең ұзақ мерзімдері заңнамада көзделген бе

Жоқ ___________________________________________
Иә _____________________________________________
Күндер саны_____________________________________
_____ жұмыс күні, күнтізбелік _______ күн пайдаланылады

5.

Рұқсат беру құжатын беруге негіз болатын халықаралық шарттардың атауы мен бап нөмірі

Оған сәйкес рұқсат беру құжаты енгізілген халықаралық шарттың толық атауы жазылады, рұқсат беру құжатын енгізудің қажеттілігін айқындайтын халықаралық шарт бабының (баптарының) немесе тарауының (тарауларының) нөмірі және (немесе) атауы жазылады

6.

Рұқсат беру құжатын бергені үшін төлемақы алына ма. Егер алынса, оның мөлшерін көрсетіңіз.

Жоқ _________________________________________
Иә __________________________________________
бағасы_______ теңге/айлық eceптік көрсеткiш/өзге

7.

Рұқсат беру құжатының енгізілуімен шешілуге тиіс проблеманың немесе бүгінгі таңда ол шешіп жатқан проблеманың сипаты

Рұқсат беру құжаты шешетін немесе шешуге бағытталған проблеманы сипаттау Қазақстан Республикасының заңнамасында және нормативтік құқықтық актілерде декларацияланған рұқсат беру құжатын енгізу мақсаттарымен сәйкес келуге тиіс. Осы бөлікте проблеманы сипаттау декларативті болмай, рұқсатты енгізудің (қолданудың) декларацияланатын мақсаты мен рұқсат арқылы оған қол жеткізу тетіктері арасындағы себеп-салдарлық байланысты көрсететін дәлелді жауап беруге тиіс

8.

Рұқсат беру құжатының қолданылу мерзімі (қандай кезеңге беріледі)

Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес рұқсат беру құжатының қолданылуының барлық ықтимал мерзімі көрсетіледі.
Мысалы, егер мемлекеттік орган рұқсат беру құжаттарын 1 жылға немесе 3 жылға немесе 15 жылға берсе, "1 жылдан 15 жылға дейін" деген белгі қойылады. Егер рұқсат беру құжатының қолданылу мерзімі шектелмеген болса, "шектелмеген" деген белгі қойылады

9.

Рұқсат беру құжатын беруге негіз болған Қазақстан Республикасының кодекстері мен заңдарының, Президент жарлықтарының атауы, бабының, тармағының және тармақшасының нөмірі, Үкімет қаулыларының, мемлекеттік органдар бұйрықтарының немесе басқа нормативтік құқықтық актілердің атауы

Оған сәйкес рұқсат беру құжаты енгізілген Қазақстан Республикасы Заңының толық атауы, рұқсат беру құжатын енгізудің қажеттілігін айқындайтын Қазақстан Республикасының Заңы бабының (баптарының) нөмірі жазылады

10.

Есепті кезеңде берілген аталған түрдегі/кіші түрдегі рұқсат беру құжаттарының саны

Бір рұқсат беру құжатының берілген түрлерінің/кіші түрлерінің саны көрсетіледі

11.

Есепті кезеңде рұқсат беру құжатын беруден бас тарту саны

Рұқсат беру құжатын беруден бас тарту саны көрсетіледі

12.

Есепті кезеңде рұқсат беру құжатын беруден бас тарту негіздері

Рұқсат беру құжатын беруден бас тарту негіздері көрсетіледі

13.

Есепті кезеңде рұқсат беру құжатының талаптарына сәйкестікті тексерулер саны

Рұқсат беру құжатының талаптарына сәйкестікті тексерулер саны көрсетіледі

14.

Есепті кезеңде рұқсат беру құжатының талаптарына сәйкестікті тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар саны

Рұқсат беру құжатының талаптарына сәйкестікті тексеру кезінде анықталған бұзушылықтардың саны көрсетіледі

15.

Есепті кезеңде рұқсат беру құжатының талаптарына сәйкестікті тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар үшін салынған айыппұл санкцияларының саны және айыппұлдардың жалпы сомасы

Салынған айыппұлдардың саны ___________________________
Айыппұлдар үшін алынған төлемдердің жалпы сомасы ___ теңге

16.

Рұқсат беру құжатын беру тәртібін бұзу туралы берілген шағымдардың саны және олардың нәтижелері (қанағаттандырылған шағымдар бойынша жауапкершілікке тартылған лауазымды адамдардың саны)

Расталған (қанағаттандырылған) шағымдардың саны және олардың нәтижелері көрсетіледі (берілген, тоқтатылған, күші жойылған, мерзімі ұзартылған, қайта басталған және қолданылуын тоқтатқан рұқсаттар)

17.

Есепті кезеңде тоқтатылған, қайта ресімделген, күші жойылған, мерзімі ұзартылған, қайта басталған, қолданылуын тоқтатқан және алып қойылған рұқсат беру құжаттарының саны

Тоқтатылғандардың саны _________________________________
Қайта ресімделгендердің саны ____________________________
Күші жойылғандардың саны ______________________________
Қайта басталғандардың саны _____________________________
Қолданылуы тоқтатылғандардың саны _____________________
Алып қойылғандардың саны ______________________________

18.

Әкімшілік кедергілерді қысқарту (төмен деңгейге ауыстыру, рұқсат беру құжатын алып тастау, рұқсат беру құжатын беру мерзімдерін, беруге қойылатын талаптарды оңтайландыру)

Рұқсат беру құжатын беру кезінде әкімшілік кедергілерді төмендету мүмкіндігі көрсетіледі.

      Ескертпе:

      * Бұл нысан мемлекеттік органның құзыретіне жататын әрбір рұқсат беру құжатына бөлек толтырылады.

  Қазақстан Республикасындағы
кәсіпкерлік қызметті реттеудің
жай-күйі туралы жылдық есепті
дайындау және бекіту
қағидаларына
2-қосымша

      1-нысан

Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге
асыратын реттеуші мемлекеттік органның ақпараты

      _____________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

Р/с №

Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласы

Кәсіпкерлік субъектілері санаттар бойынша бөліністе

Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің және талаптарға сәйкестікті тексерулердің саны/Нәтижесінде бұзушылықтар анықталмаған тексерулердің саны

Кәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы және бармай жүргізілген профилактикалық бақылаудың саны/Нәтижесінде бұзушылықтар анықталмаған бару арқылы және бармай жүргізілген профилактикалық бақылаудың, тергеп-тексерудің және бақылау мақсатында сатып алудың саны

Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 13-тармақтарында көзделген негіздер бойынша жүргізілген тексерулердің, тергеп-тексерулердің және бақылау мақсатында сатып алудың саны (негіздер бойынша бөліністе көрсетіледі)/Нәтижесінде бұзушылықтар анықталмаған осындай жүргізілген тексерулердің, тергеп-тексерулердің және бақылау мақсатында сатып алудың саны

1

2

3

4

5

6

1


шағын кәсіпкерлік субъектілері




2


микрокәсіпкерлік субъектілері




3


орта кәсіпкерлік субъектілері




4


ірі кәсіпкерлік субъектілері




5

Барлығы:





      кестенің жалғасы

Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс жүргізілген тексерулердің саны*/Нәтижесінде бұзушылықтар анықталмаған тексерулердің саны

Кәсіпкерлік субъектілеріне бармай жүргізілген профилактикалық бақылаудың саны

Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тоқтатылған/қайта басталған тексерулердің және профилактикалық бақылаудың саны (салық тексерулерін қоспағанда)

Профилактикалық бақылау мен тексерулердің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалған/орындалмаған ұсынымдардың, қорытындылардың, анықтамалардың, хабарламалар мен ұйғарымдардың саны

Тексерулер мен тергеп-тексерулердің нәтижесі бойынша салынған әкімшілік жазалардың саны және тексерулер мен тергеп-тексерулердің нәтижелері бойынша салынған әкімшілік айыппұлдардың сомасы

Тіркеуден бас тартылған тексерулерді тағайындау туралы актілердің саны

Тексерулер мен профилактикалық бақылауды, тергеп-тексерулер мен бақылау мақсатында сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу тәртібінің бұзылғаны үшін берілген, қанағаттандырылған шағымдардың саны және олардың нәтижелері (қанағаттандырылған шағымдар бойынша жауапкершілікке тартылған лауазымды адамдардың саны)

7

8

9

10

11

12

13




































      2-нысан

р/с №

Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласы

Тәуекелдерді бағалау жүйесінің бірлескен бұйрықтарының (өлшемшарттардың және тексеру парақтарының) бекітілген күні және атауы, есепті кезеңде тәуекелдерді бағалау жүйесінің бірлескен бұйрықтарына (өлшемшарттарға және тексеру парақтарына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу (бар болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықтың нөмірі мен күнін көрсету)

Есепті кезеңде тексеру парақтары талаптарының азаюы немесе көбеюі (негіздемелерімен қоса қысқартылған немесе қосылған талаптардың саны)

Өткен кезеңмен салыстырғанда адал кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ бұзушылардың азаюы немесе көбеюі

Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттігі бар/ бекітілген мемлекеттік органның лауазымды адамдарының саны/бірлігі

Апелляциялық комиссияның шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған оң/теріс қорытындылардың саны (бар болған жағдайда)

1.

2

3

4

5

6

7

1.







2.







3.







      Реттеуші мемлекеттік органның есебі реттеуші мемлекеттік органның құзыретіне және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 138 және 139-баптарына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау салалары бөлінісінде толтырылады және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әр саласын талдауға арналған.

      Ескертпе:

      * Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс жүргізілген тексерулердің саны Кодекстің 144-бабының 5-тармағында көзделген негіздер бөлінісінде ұсынылады.

  Қазақстан Республикасындағы
кәсіпкерлік қызметті реттеудің
жай-күйі туралы жылдық есепті
дайындау және бекіту
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Ақпараттық құралдар жөніндегі мәліметтер

      _____________________________________
(мемлекеттік органның/облыстың атауы)

      Ақпараттық құралдарда құжаттарды, хабарламалар мен анықтамаларды, салық, қаржы және басқа есептілікті, басқа құжаттарды ұсыну, өнім құрамын декларациялау, банкроттық туралы деректерді жариялау, кәсіпорындар меншігінің өзгеруі және басқалар қамтылады.

Р/с №

Есептіліктің атауы

Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементіне сілтеме

Есептілікті ұсыну кезеңділігі

Есептілікті ұсыну нысаны (эл.формат/қағаз)

Есептілікті ұсыну мақсаты

Есептілікті ұсынатын субъект

Есептілікті оңтайландыру мүмкіндігі

1

2

3

4

5

6

7

8

1








2








  Қазақстан Республикасындағы
кәсіпкерлік қызметті реттеудің
жай-күйі туралы жылдық есепті
дайындау және бекіту
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Өзін-өзі реттейтін ұйымдар жөніндегі ақпарат

      ____________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

1.

Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілген және/немесе ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдар қызмет ететін реттеу салалары


2.

Талданатын салалардағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың (міндетті және ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген) саны


3.

Әрбір өзін-өзі реттейтін ұйымдағы мүшелердің санын көрсете отырып, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың атауы, сондай-ақ олардың қызмет түрі


4.

Реттеуші мемлекеттік органдар орындайтын, міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуге берілуі мүмкін функциялардың тізбесі


5.

Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың "Өзін-өзі реттеу туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келісілген стандарттары мен қағидаларының болуы


6.

Міндетті қатысуға (мүшелікке) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілуі мүмкін әлеуетті қызмет салаларының немесе түрлерінің атауы


7.

Міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдарға есепті жылы түскен шағымдардың саны, шағымдарды қарау нәтижелері бойынша өзін-өзі реттейтін ұйымдардан өндіріп алынған залалдың мөлшері ______ мың теңге


  Қазақстан Республикасындағы
кәсіпкерлік қызметті реттеудің
жай-күйі туралы жылдық есепті
дайындау және бекіту
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Реттеушілік әсерді талдау жөніндегі ақпарат*

      ____________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

1.

Реттегіш құралдың және (немесе) реттеуді қатаңдатудың атауы


2.

Оның шеңберінде реттегіш құрал және (немесе) реттеуді қатаңдату енгізілген құжаттың атауы


3.

Өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын қоспағанда, реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы туралы алынған қорытындылардың саны (қорытындылардың, оның ішінде оң қорытындылардың жалпы саны көрсетіледі)


3.1.

Теріс қорытынды алу негіздемелері (бағандар әрбір қорытындыға қатысты толтырылады)

Қоғамдық талқылаудың болмауы

Шығасылар есебінің (монеталануының) болмауы

Баламалы реттеу тәсілдерінің болмауы

Өзге

1.





2.





3.










Барлығы




4.

Реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізу туралы ақпарат (кім және қашан жүргізді)


5.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жаңа реттегіш құрал енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды қарау нәтижелері туралы ақпарат (хаттаманың күні мен нөмірі)


6.

Реттегіш құрал немесе реттеуді қатаңдату қолданысқа енгізілген күн


7.

Енгізілетін реттегіш құралдан немесе реттеуді қатаңдатудан шығасылардың есеп-қисабы (монеталануы)


8.

Реттеушілік әсерді талдау қайта қарау жоспарын орындау щеңберінде жүргізілді

Жоқ __________________________
Иә ____________________________

      Ескертпе:

      * Әрбір талапқа толтырылады.

  Қазақстан Республикасындағы
кәсіпкерлік қызметті реттеудің
жай-күйі туралы жылдық есепті
дайындау және бекіту
қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын әзірлеушілердің, өңірлік палатаның және басқа мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы берілген қорытындылар туралы ақпарат

      _________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік саласында
басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органының атауы)

1.

Реттеушілік әсерді талдау рәсімдерін сақтау туралы берілген қорытындылар саны (оң және теріс қорытындылардың санын көрсете отырып)


2.

Реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды жоспарлау кезінде реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы туралы берілген қорытындылардың саны (оң және теріс қорытындылардың санын көрсете отырып)


3.

Қайта қарау жоспарын орындау шеңберінде реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы туралы берілген қорытындылардың саны (оң және теріс қорытындылардың санын көрсете отырып)


4.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі жанындағы ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультативтік-кеңесші орган мақұлдаған реттегіш құралдардың немесе реттеуді қатаңдатудың саны (хаттама күні мен нөмірі)


5.

Реттегіш құрал немесе реттеуді қатаңдату қолданысқа енгізілген күн



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады