Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шiлдедегi № 311 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 маусымда № 33056 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 81) және 82) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2023 жылғы 10 шілдедегі
№ 311 Бұйрықа
1-қосымша

Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 81) тармақшасына сәйкес әзірленді және кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім беру ортасы – оқу-тәрбие процесінің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті әлеуметтік, материалдық және тұрмыстық жағдайлардың жиынтығы;

      2) білім беру процесі – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру шеңберіндегі оқу-тәрбие процесі;

      3) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;

      4) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде анықталатын білім беру процесіне және білім беру ортасына арналған шығыстарды қаржыландыру;

      5) кредиттік оқыту технологиясы – академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.

2-тарау. Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары (немесе) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібі

      3. Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру республика және (немесе) жергілікті бюджеттердің есебінен іске асырылады.

      4. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шеңберінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен:

      1) білім беру бағдарламалары бөлінісінде іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың контингенті және (немесе) алдағы оқу жылына жоспарлы кредиттердің саны бойынша жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жоспарлы көлемін анықтайды және оны академиялық кезең басталғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына ұсынады;

      2) білім беру бағдарламалары бөлінісінде білім алушылар контингентін және (немесе) нақты берілген кредиттерді тоқсан сайын салыстырып тексеруді жүргізеді;

      3) тоқсан сайын, тоқсан басталар алдындағы айдың 20-сынан (жиырмасынан) кешіктірмей білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына қаңтар мен қыркүйекті қоспағанда, айдың 15-іне қалыптасқан жағдай бойынша білім алушылардың нақты контингенті және (немесе) білім беру бағдарламалары бөлінісінде нақты берілген кредиттер саны туралы ақпаратты ұсынады. Қаңтар мен қыркүйекке ақпаратты жаңадан қабылданған білім алушыларды және (немесе) білім беру бағдарламалары бөлінісінде нақты берілген кредиттерді ескере отырып, 30-шы күнгі жағдай бойынша береді.

      5. Білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы білім беру бағдарламалары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлеміндегі білім алушылар контингентін және (немесе) нақты берілген кредиттерді ай сайын салыстырып тексеруді жүргізеді.

      6. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      1) бірінші төлем осы ұйымның жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жалпы жылдық көлемінен 30 %-ды құрайды;

      2) кейінгі төлемдер мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған мемлкеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шартында көзделген тәртіппен білім алушылардың нақты контингентіне көрсетілген қызметтердің нақты көлемі үшін және (немесе) нақты ұсынылған академиялық кредиттердің саны үшін жүзеге асырылады.

      7. Ағымдағы қаржы жылы республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерден жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінің өзгертілуіне жан басына шаққандағы норматив өзгергенде және (немесе) білім алушылардың нақты контингенті айқындалған жағдайда ғана жол беріледі.

  Бұйрыққа
2-қосымша

Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары (немесе) оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 82) тармақшасына сәйкес әзірленді, кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеуде бірыңғай тәсілдемені айқындайды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі мен мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін жоспарлау үшін қолданылады.

      Әдістеменің күші жергілікті атқарушы органдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының арасындағы соңғыларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.

      2. Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) академиялық кредит – білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысы (жүктемесі) көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;

      2) білім беру ортасы – оқу-тәрбие процесінің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті әлеуметтік, материалдық және тұрмыстық жағдайлардың жиынтығы;

      3) білім беру процесі – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру шеңберіндегі оқу-тәрбие процесі;

      4) бір академиялық кредит құнының нормативі – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру деңгейі (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) мен білім беру саласына байланысты оқудың толық мерзімі үшін бір білім алушыға шаққандағы жан басына қаржыландыру нормативінің академиялық кредиттердегі білім беру бағдарламасының еңбек сыйымдылығына ара салмағы;

      5) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;

      6) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде анықталатын білім беру процесіне және білім беру ортасына арналған шығыстарды қаржыландыру;

      7) кредиттік оқыту технологиясы – академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.

      3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеуде мынадай жалпы көрсеткіштер қолданылады:

      1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілетін базалық лауазымдық айлықақы (бұдан әрі – БЛА);

      2) Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК).

2-тарау. Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеу алгоритмі

      4. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мынадай формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) Vжқ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

       Vжқ =∑ (Nzb * Контzb) + ∑ (Nzm * Контzm) + ∑ (Nzd * Контzd),

      мұндағы:

      Nzb – бакалавриатта бір жылда бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Nzm – магистратурада бір жылда бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Nzd – докторантурада бір жылда бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Контzb – бакалавриатта білім алушылардың орташа жылдық контингенті;

      Контzm – магистратурада білім алушылардың орташа жылдық контингенті;

      Контzd – докторантурада білім алушылардың орташа жылдық контингенті;

      Контzb, Контzm, Контzd мына формула бойынша есептеледі:

      Контzb,zm,zd = жыл басына білім алушылардың саны + оқуға жаңадан қабылданатындардың 1/3 - күтілетін түлектер санының 1/2 - оқудан шығатындардың болжалды саны + оқуға келетін білім алушылардың болжалды саны;

      z – шығындылық топтары бойынша оқыту бейінінің индексі.

      Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бірнеше бағыты іске асырылатын жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары, білім беру деңгейлері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады;

      2) Nzb – бакалавриатта бір жылда бір білім алушыға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nzb = Еz + L + А + Dp,

      мұндағы:

      Еz – кадрларды даярлау бағыттары бойынша бір жылда бір білім алушыға арналған білім беру процесі шығыстарының нормасы;

      L – бір жылда бір білім алушыға арналған білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      A – білім беру салалары үшін оқу құралдары мен жабдықтарының амортизациялану нормасы:

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" – 64 АЕК;

      білім берудің басқа салалары үшін А 0-ге тең болады.

      А-ның мәнін анықтау үшін 2020 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК-тің мөлшері негізге алынады.

      Dp – "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласындағы даярлау бағыттары бойынша кәсіптік практикадан өтумен байланысты шығыстар нормасы;

      ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында – 27,98 АЕК;

      басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында – 24,94 АЕК;

      Dp мәнін анықтау үшін 2020 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК-тің мөлшері негізге алынады.

      3) Nzm – магистратурада бір жылда бір білім алушыға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nzm = (Ez + L + A + Dp)*km ,

      мұндағы:

      km – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының магистратурасында бір білім алушыны жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу кезінде қолданылатын түзету коэффициенті.

      Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша km мынаны құрайды:

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" – 0,432069;

      "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" – 0481575;

      "Педагогикалық ғылымдар" – 0,457822;

      "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" - 0,492148;

      "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Қызмет көрсету" – 0,490353;

      Басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша km мынаны құрайды:

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" – 0,2984118;

      "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" – 0,3378027;

      "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" – 0,3463756;

      "Педагогикалық ғылымдар" – 0,3206474;

      "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Қызмет көрсету" – 0,3449167;

      4) Nzd – докторантурада бір жылда бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nzd = (Ez + L + A + Dp) * Kd ,

      мұндағы:

      Kd – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында докторантурада бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативті есептеу кезінде қолданылатын түзету коэффициенті.

      Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша Kd мынаны құрайды:

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" – 0,9501326;

      "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" – 1,0282479;

      "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" – 1,0443469;

      "Педагогикалық ғылымдар" – 0,9913422;

      "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Қызмет көрсету" – 1,0416288;

      Басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша Kd мынаны құрайды:

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" – 1,093388;

      "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" – 1,1981331;

      "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" – 1,2200478;

      "Педагогикалық ғылымдар" – 1,1533504;

      "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Қызмет көрсету" – 1,2163399.

      5) Еz – кадрларды даярлау бағыттары бойынша бір жылда бір білім алушыға арналған білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      Еz = Т + Хz,

      мұндағы:

      Т – білім беру процесіне қатыстырылған әкімшілік-басқарушы персоналдың (бұдан әрі - ӘБП) және профессорлық-оқытушылық құрам (бұдан әрі - ОПҚ) персоналдың бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Xz – "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелді) бекітілген бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын орындау шеңберінде оқу-әдістемелік әдебиетті сатып алуға, зертханалық, практикалық, теориялық және жеке сабақтарды ұйымдастыруға арналған оқу шығыстары.

      Xz мәндері ерекше мәртебесі бар және ерекше мәртебесі жоқ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес білім беру саласына байланысты айқындалады:

      "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша – 20 АЕК;

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары"; "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" білім беру салаларындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша – 19 АЕК;

      "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Қызмет көрсету" білім беру салаларындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша – 9 АЕК;

      "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" білім беру саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша – 7 АЕК;

      Xz көрсеткішінің мәнін анықтау үшін 2020 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      6) Т – білім беру процесіне қатыстырылған ӘБП мен ОПҚ-ның бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Т = Т нег + Т өтем,

      мұндағы:

      Тнег = W * 12 * sno * mp * kст * mv1,

      Төтем = (ЛА + БЛА * f) * sno * mp * kст * mv1,

      Тнег. – білім беру процесіне қатыстырылған ӘБП мен ОПҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      W – ӘБП мен ОПҚ-ның айлық еңбекақы төлеу қоры;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      Төтем. – қызметкерлердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі;

      kст – Заңның 1-бабының 19-2) тармақшасына және "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережеге сәйкес ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ОПҚ мен басшы жұмыскерлерінің белгіленген лауазымдық айлықақы мөлшерлеріне қосымша ақылар коэффициенті:

      ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін – 1,2;

      басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін – 1;

      mv1 – бір оқытушыға келетін білім алушылардың орташа санының арасалмақ коэффициенті мынаны құрайды:

      бакалавриатта білім беру салаларының даярлау бағыттары бойынша:

      "Өнер және гуманитарлық ғылымдар"; "Ветеринария" – 0,125;

      "Педагогикалық ғылымдар" – 0,1;

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Қызмет көрсету" – 0,083;

      магистратурада – білім беру салаларындағы кадрларды даярлаудың барлық бағыттары бойынша - 0,167;

      докторантурада – білім беру салаларындағы кадрларды даярлаудың барлық бағыттары бойынша – 0,25;

      7) W – ӘБП мен ОПҚ-ның айына еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      W = (ЛА + БЛА * f) + БЛА * u,

      мұндағы:

      ЛА – БЛА-ны 18,3743 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын ОПҚ-ның лауазымдық айлықақысы;

      f – ӘБП жалақысының ОПҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 4,88;

      u – ғылыми дәреже үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,685.

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті: 2023-2024 жылдарға – 1,0836;

      2025 және одан кейінгі жылдарға – 1,0968;

      mp – жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының және жұмыс берушінің зейнетақы қорына зейнетақы жарналарының коэффициенті:

      2023 жылға – 1,03;

      2024 жылға – 1,045;

      2025 жылға – 1,055;

      2026 жылға – 1,065;

      2027 жылға – 1,075;

      2028 және одан кейінгі жылдарға – 1,08;

      8) L – білім беру ортасына шығыстардың нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      L = Q + S,

      мұндағы:

      Q – білім беру процесіне қатыспайтын оқу-қосалқы персоналдың (бұдан әрі – ОҚП), қызмет көрсетуші және басқадай персоналдың (бұдан әрі - ҚКБП) бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      S – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын ағымдағы күтіп-ұстауға арналған шығыстар нормасы банк, байланыс, интернет және күзет қызметтерін, коммуналдық қызметтерді сатып алумен байланысты шығыстарды, ғимаратты, компьютерлік және кеңсе техникасын ағымдағы жөндеу, ұстау және оған қызмет көрсету бойынша шығыстарды, жабдықтарды, кеңсе тауарларын, дәрі-дәрмек, жуғыш құралдарды, шаруашылық тауарларын сатып алу бойынша шығыстарды қамтиды – 42,79 АЕК;

      S көрсеткішінің мәнін анықтау үшін 2020 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады.

      9) Q – білім беру процесіне қатыспайтын ОҚП мен ҚКБП-ның бір білім алушыға есептегендегі жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі: 

      Q = Qоқп + Qқкбп.,

      мұндағы:

      Qоқп. – ОҚП-ның жылдық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Qоқп. = Q оқп.нег. + Qоқп.өтем,

      мұндағы:

      Qнег.оқп. – ӘБҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі: 

      Q оқп.нег. = Fопқ. * 12 * sno * mp * mv2,

      мұндағы:

      mv2 – ОҚП-ның бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа саны арақатынасының коэффициенті – 0,037;

      Fоқп – ОҚП-ның айлық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі: 

      Fопқ. = БЛА * q,

      мұндағы:

      q – ОҚП жалақысының ОПҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 5,11;

      10) Qоқп.өтем. – жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Qоқп.өтем. = БЛА * q * sno * mp * mv2,

      11) Qопқ. – ОПҚ-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Qопқ = Qопқ.нег. + Qоқп.өтем,

      мұндағы:

      Qопқ.нег. – ОПҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Qопқ.нег. = Fопқ * 12 * sno * mp * mv3,

      мұндағы:

      Fопқ. – ОПҚ-ның айлық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі: 

      Fопқ = БЛА * h,

      мұндағы:

      h – ҚКБП жалақысының ОПҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті - 3,2;

      mv3 – ОПҚ-ның бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа саны арақатынасының коэффициенті - 0,125;

      Qопқ.өтем. – жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Qопқ.өтем.= БЛА * h * sno * mp * mv3,

      12) Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі (Vk) мына формула бойынша анықталады:

      Vk = ∑ (Kz * Nz cred * Контz),

      мұндағы:

      Kz – бір білім алушыға арналған кредиттердің жоспарланған жылдық саны;

      Nz. cred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісіндегі бір академиялық кредит құнының нормативі.

      Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрлар даярлаудың бірнеше бағыты іске асырылатын жағдайда кредиттік оқыту технологиясы ескерілген жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары мен білім беру деңгейлері бойынша білім берудің кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемдерін қосу жолымен анықталады;

      13) Nz cred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бағыттағы кадрларды даярлау бағыттары бөлінісіндегі бір академиялық кредит құнының нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz cred = Nz /60,

      мұндағы:

      60 – "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелді) сәйкес айқындалған академиялық кредиттер санының есептік орташа жылдық көрсеткіші.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.11.2023 № 577 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын бірлескен білім беру бағдарламалары, сондай-ақ шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мынадай формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) Vжқ1 – Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын, қазақстандық үлгідегі дипломды алатын бірлескен білім беру бағдарламалары, сондай-ақ шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      V жқ1 = Nzb1 * Контzb1,

      мұндағы:

      Nzb1 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Контzb1 – бакалавриатта білім алушылардың жыл сайынғы контингенті;

      Nzb1 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nzb1 = Т+Xz+ A+ S,

      мұндағы:

      Т – білім беру процесіне тартылған ӘБП-ның және ПОҚ-ның жылына бір білім алушыға шаққандағы жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Xz – кадрларды даярлаудың техникалық және ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша жылына бір білім алушыға есептегенде жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын орындау шеңберінде білім алушылардың оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алуға, зертханалық, практикалық, теориялық және жеке сабақтарының академиялық ұтқырлығын ұйымдастыруға арналған оқу шығыстары – 19 АЕК;

      АЕК – жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін айлық есептік көрсеткіш. Айлық есептік көрсеткішке баламалы көрсеткіштердің мәндерін айқындау үшін негіз ретінде 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері алынады;

      А – кадрларды даярлаудың техникалық және ауыл шаруашылығы бағыттары үшін оқу құралдары мен жабдықтардың амортизация нормасы 64 АЕК-ті құрайды;

      Т – білім беру процесіне тартылған ӘБП және ПОҚ еңбегіне ақы төлеудің жылдық қоры жылына бір білім алушыға төменде келтірілген персонал құрамы негізге алына отырып есептеледі.

Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура

Персонал

Саны (штат бірлігі)

1 қызметкерге шаққандағы жалақы мөлшері теңгемен

АЕК-те 1 қызметкерге шаққандағы жалақы мөлшері

ПОҚ

Профессорлық-оқытушылық құрам (ПОҚ):

100



ПОҚkz

Отандық ПОҚ

70

860 000

280,77 АЕК

ПОҚin

Шетелдік ПОҚ

30

3 956000

1 291,544 АЕК

ӘБП

Әкімшілік-басқару персоналы:

54,5



ӘБПkz

Отандық менеджмент

1

1 075 000

350,963 АЕК

ӘБПin

Шетелдік менеджмент, Халықаралық менеджмент

1,5 1

4 515 000 3 870 000

1 474,045 АЕК 1 263,467 АЕК

ӘБПin

Шетелдік орта менеджмент

5

860 000

280,77 АЕК

ӘБПkz

ӘБП кіші құрамы

46

430 000

140,385 АЕК


Барлығы

154,5



      Т – білім беру процесіне жылына бір білім алушыға тартылған ӘБП және ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:

      T = Tkz+ Tin,

      Тkz = Тәбпkz+ Тпоқkz,

      Тin = Тәбп in + Тпоқ in,

      мұндағы:

      Тkz – жылына бір білім алушыға білім беру процесіне тартылған отандық ӘБП және ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Тin – жылына бір білім алушыға білім беру процесіне тартылған шетелдік ӘБП және ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Тәбп – ӘБП жылдық еңбекақы төлеу қоры отандық (kz) және шетелдік (in) үшін жеке формула бойынша есептеледі:

      Тәбпkz (in) = Wәбпkz (in) *12*snokz (in) * mvәбпkz (in) *mp,

      Тпоқ – ПОҚ-тың жылдық еңбекақы қоры отандық (kz) және шетелдік (in) үшін жеке формула бойынша есептеледі:

      Тпоқkz (in) = Wпоқkz (in) * 12*snokz(in)*mvпоқkz (in) * mp,

      мұндағы:

      W – айына отандық және шетелдік ПОҚ және ӘБП еңбекақы төлеу қоры:

      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасындағы шарт негізінде отандық және шетелдік ӘБП және ПОҚ үшін белгіленді.

      Жалақыны есептеу 2021 жылғы 15 қарашаға белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 1 АҚШ доллары үшін 430 теңге баламасында ұлттық валютада жүргізілді;

      12 – айына нормативтік шығындарды есептеуден жылына нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін жылына айлар саны;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті:

      отандық қызметкерлер үшін snokz – 1,0836;

      2025 және одан кейінгі жылдарға – 1,0968;

      шетелдік қызметкерлер үшін snoin – 1,095;

      mp – жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың коэффициенті:

      2023 жылға – 1,03;

      2024 жылға – 1,045;

      2025 жылға – 1,055;

      2026 жылға – 1,065;

      2027 жылға – 1,075;

      2028 жылға және одан кейінгі жылдарға – 1,08;

      mvпоқ – бір оқытушыға келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициентін құрайды:

      бір шетелдік оқытушыға mvпоқin – 0,02;

      бір отандық оқытушыға mvпоқkz – 0,047;

      mvәбп – ӘБП бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:

      бір шетелдік мидл менеджментке mvәбпin1 – 0,0033;

      бір шетелдік топ-менеджментке mvәбпin2– 0,001;

      бір шетелдік халықаралық менеджментке mvәбпin3 – 0,00067;

      бір отандық менеджментке mvәбпkz1 – 0,00067;

      бір ӘБП кіші құрамға mvәбпkz2 – 0,031;

      S – халықаралық білім беру бағдарламаларын енгізу коэффициенті – 102,024 АЕК.

      2) Vжқ2 – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымымен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын, қос диплом алатын білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      V жқ2 = Nzb2* Контzb2,

      мұндағы:

      Контzb2 – бакалавриатта білім алушылардың жыл сайынғы контингенті;

      Nzb2 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі, мына формула бойынша айқындалады:

      Nzb2 = Nzb1 + L1,

      мұндағы:

      L1 – Солтүстік Америка елдерінің шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен қос диплом бағдарламасы бойынша бір білім алушыға жылына 752,693 АЕК есебінен шығыстар;

      3) Vжқ3 – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары шеңберінде іске асырылатын, қос диплом алатын білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі, мына формула бойынша есептеледі:

      Vжқ3 = Nzb3 * Контzb3,

      мұндағы:

      Контzb3 – бакалавриатта білім алушылардың жыл сайынғы контингенті;

      Nzb3 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі, мына формула бойынша айқындалады:

      Nzb3 = Nzb1 - S + L2,

      мұндағы: L2 – Еуропа елдерінің шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен қос диплом бағдарламасы бойынша бір білім алушыға жылына 698,845 АЕК есебінен шығыстар.

      Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына төлем барлық оқу кезеңі үшін (4 жыл) тең үлестермен шарт негізінде жүзеге асырылады. L1 және L2 есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2022 жылғы 27 желтоқсанға белгіленген бағамы бойынша 1 АҚШ доллары үшін 461,1 теңге эквивалентінде ұлттық валютада жүргізілді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 06.09.2023 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 22.04.2024 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      6. Оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі Әдістеменің 4-тармағының 12) және 13) тармақшаларына сәйкес айқындалады.

      7. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар негізінде құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде әрекет ететін және таратылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) Vжқ – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді (бакалавриат және магистратура) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Vжқ = ∑ (Nb * Контb) + ∑ (Nm * Контm),

      мұндағы:

      Nb – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Nm – магистратурада жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Контb – бакалавриатта білім алушылардың орташа жылдық контингенті;

      Контm – магистратурада білім алушылардың орташа жылдық контингенті;

      Контb, Контm мына формула бойынша есептеледі:

      Контb, m = жыл басына білім алушылардың саны + оқуға жаңадан қабылданатындардың 1/3 – күтілетін түлектер санының 1/2 – оқудан шығатындардың болжалды саны + оқуға келетін білім алушылардың болжалды саны.

      Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бірнеше бағыты іске асырылатын жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары және білім беру деңгейлері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады;

      2) Nb/m – бакалавриатта / магистратурада жылына бір білім алушыға қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі Қазақстан Республикасында (бұдан әрі – ҚР) және Ресей Федерациясында (бұдан әрі – РФ) оқуға тиесілі шығыстар нормативінің сомасынан тұрады, мына формула бойынша есептеледі:

      Nb/m = Nb/m kz+ Nb/m rus,

      мұндағы:

      Nb/m kz – ҚР-да бакалавриатта / магистратурада жылына бір білім алушыға арналған шығыстар нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nb/m kz = F + K + Р + S + U + А;

      Nb/m rus – РФ-да бакалавриатта / магистратурада жылына бір білім алушыға арналған шығыстар нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nb/m rus = O + Kс + М;

      3) F – жылына бір білім алушыға есептегенде, білім беру процесі персоналының (ӘБП және ПОҚ), білім беру ортасы персоналының (оқу-қосалқы персонал (бұдан әрі – ОҚП) және қызмет көрсетуші персоналдың (бұдан әрі – ҚКП) еңбегіне ақы төлеудің жылдық қорын қамтитын персоналдың жалпы жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      F = Т + Q,

      Т – ӘБП мен ПОҚ-ның бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      T = Tнег + Tөтем,

      мұндағы:

      Тнег – ӘБП мен ПОҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Тнег = W *12 * sno * mp * mv1;

      Төтем – қызметкерлердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Төтем = (ЛА + БЛА * f) * sno * mp * mv1,

      мұндағы:

      W – ӘБП мен ПОҚ-ның айлық еңбекақы төлеу қоры;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті– 1,0836;

      2025 жылдан бастап – 1,0968;

      mp – жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:

      2023 жылға – 1,03;

      2024 жылға – 1,045;

      2025 жылға – 1,055;

      2026 жылға – 1,065;

      2027 жылға – 1,075;

      2028 жылдан бастап – 1,08;

      mv1 – бір оқытушыға келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:

      бакалавриатта – 0,167;

      магистратурада – 0,2;

      W – ӘБП мен ПОҚ-ның айлық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      W = (ЛА + БЛА * f) + БЛА * u,

      мұндағы:

      ЛА – базалық лауазымдық айлықақыны (БЛА) 10,2336 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын ПОҚ-ның лауазымдық айлықақысы;

      f – ӘБП жалақысының ПОҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті– 6,25;

      u – ғылыми дәреже үшін қосымша ақы коэффициенті – 1,71;

      Q – жылына бір білім алушыға ОҚП және ҚП жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Q = Qоқп + Qқп,

      мұндағы:

      Qоқп – ОҚП жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Qоқп = Qнег.оқп + Qөтем.оқп,

      мұндағы:

      Qнег.оқп – ОПҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Qнег.оқп = Gоқп * 12 * sno * mp * mv2,

      мұндағы:

      Gоқп – ОПҚ-ның айлық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Gоқп = БЛА * q,

      мұндағы:

      q – ОҚП жалақысының ПОҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 4,38;

      mv2 – ОҚП-ның бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа саны арақатынасының коэффициенті– 0,037;

      Qөтем.оқп – жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Qөтем.оқп = БЛА * q * sno * mp * mv2;

      Qқкп – ҚКП жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Qқкп = Qнег.қкп + Qөтем.қкп,

      мұндағы:

      Qнег.қп – ҚКП-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Qнег.қкп = Gқкп * 12 * sno * mp * mv3,

      мұндағы:

      Gқкп – ҚКП-ның айлық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Gқкп = БЛА * h,

      мұндағы:

      h – ҚКП жалақысының ОПҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 2,98;

      mv3 – ҚКП-ның бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа саны арақатынасының коэффициенті – 0,063;

      Qөтем.қкп – жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Qөтем.қкп = БЛА * h * sno * mp * mv3;

      4) K – білім беру процесін ұйымдастыру және жүргізу мақсатында ПОҚ және ӘБП-ны іссапарға жіберуге байланысты шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде, мынаған сәйкес қабылданады:

Мәтін бойынша қолданылатынаббревиатура,

Шығыстың түрі

Бакалавриатта бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

Магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы,
АЕК*

К

Оқу процесі шеңберінде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының (бұдан әрі – ММУ ҚФ) ПОҚ іссапарларына арналған шығыстар

36,57

30,71

ММУ ҚФ ӘБП мен ПОҚ іссапарларына арналған шығыстар, оның ішінде:

10,62

11,76

әкімшілік іссапарлар

7,73

10,4

кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу, көрмеге қатысу

1,06

1,36

ПОҚ оқу және өндірістік практикалары

1,83


ММУ ҚФ қабылдау және емтихан комиссияларының іссапарларына арналған шығыстар

7,55

15,82


Барлығы:

54,74

58,29

      Ескертпе: * К мәнін анықтау үшін 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      5) Р – ҚР аумағында білім алушылардың оқу практикасынан өтуіне байланысты шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде, мынаған сәйкес қабылданады:

Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура

Шығыстың түрі

Бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

Р

Студенттердің оқу және өндірістік практикасына арналған шығыстар, оның ішінде:

8,17

Филология

1,62

Экология бірінші курс

4,62

Экология екінші курс

1,93

      Ескертпе: *Р мәнін анықтау үшін 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      6) S – білім алушылар үшін оқу корпустары мен жатақханаларды ағымдағы күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде, мынаған сәйкес қабылданады:

Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура

Шығыстың түрі

Бакалавриатта / магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

S

Білім алушылар үшін оқу корпустары мен жатақханаларды ағымдағы күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар нормасы

83

      Ескерту: * S мәнін анықтау үшін 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      7) U – оқу-әдістемелік әдебиеттер мен ғылыми әдебиеттерді сатып алуға байланысты шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде, мынаған сәйкес қабылданады:

Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура

Шығыстың түрі

Бакалавриатта / магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

U

Оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттерді сатып алуға арналған шығыстар нормасы

5

      Ескерту: * U мәнін анықтау үшін 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      8) А – жылына бір білім алушыға негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алуға байланысты шығыстар нормасы мынаған сәйкес қабылданады:

Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура

Шығыстың түрі

Бакалавриатта / магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

А

Негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алуға байланысты шығыстар нормасы

10

      Ескерту: * А мәнін анықтау үшін 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      9) O – ММУ ҚФ-да білім алушыларды іссапарға жіберуге және оқытуға байланысты шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде, мынаған сәйкес қабылданады:

Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура

Шығыстың түрі

Бакалавриатта бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

Магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

О

ММУ ҚФ-да оқуға байланысты шығыстар нормасы

284,74

260

      Ескерту: * О мәнін анықтау үшін 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      10) M – ММУ ҚФ-да білім алушыларды медициналық сақтандырумен байланысты шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде, мынаған сәйкес қабылданады:

Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура

Шығыстың түрі

Бакалавриатта бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

Магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

М

Медициналық сақтандырумен байланысты шығыстар нормасы

4,84

7,43

      Ескерту: * М мәнін анықтау үшін 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      11) Кс – ММУ ҚФ-да оқу үшін білім алушыларды іссапарға жіберуге байланысты шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде, мынаған сәйкес қабылданады:

Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура

Шығыстың түрі

Бакалавриатта бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

Магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК*

Кс

Білім алушылар үшін іссапар шығыстарының нормасы, оның ішінде:

89,18

103,63

көлікпен жол жүру шығындары

20,87

35,63

жатақханада тұру

68,31

68

      Ескерту: * Кс мәнін анықтау үшін 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      12) кредиттік оқыту технологиясын (Vk) ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі мына формула бойынша анықталады:

      Vk = ∑ (Kr * Ncred * Конт),

      мұндағы:

      Kr – бір білім алушыға жоспарланатын жылдық кредиттер саны;

      Ncred – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі.

      Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бір бағыттан артық бағыты іске асырылған жағдайда оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары мен білім деңгейлері бойынша оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін жинақтау жолымен анықталады;

      13) Ncred – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі мынад формула бойынша есептеледі:

      Ncred = Nb/m /60,

      мұндағы:

      60 – "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) бекітілген жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес айқындалған академиялық кредиттер санының есептік орташа жылдық көрсеткіші.

      Ескерту. Әдістеме 7-тармақпен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 06.09.2023 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар негізінде Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) Vжқ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі (бакалавриат және магистратура) білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Vжқ = ∑ (Nb * Контb) + ∑ (Nm * Контm),

      мұндағы:

      Nb – бакалавриатта бір білім алушыға бір жылға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Nm – магистратурада бір білім алушыға бір жылға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Контb – бакалавриатта білім алушылардың орташа жылдық контингенті;

      Контm – магистратурада білім алушылардың орташа жылдық контингенті;

      Контb, Контm, мына формула бойынша есептеледі:

      Контb, m = жыл басына білім алушылардың саны + оқуға жаңадан қабылданатындардың 1/3 – күтілетін түлектер санының 1/2 – оқудан шығатындардың болжалды саны + оқуға келетін білім алушылардың болжалды саны;

      Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бірнеше бағыты іске асырылатын жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары және білім беру деңгейлері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады;

      2) Nb/m – бакалавриатта/магистратурада бір жылда бір білім алушыға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі Қазақстан Республикасында (бұдан әрі – ҚР) және Ресей Федерациясында (бұдан әрі – РФ) оқуға байланысты шығыстар нормативінің сомасынан тұрады, мына формула бойынша есептеледі:

      Nb/m = Nb/m kz+ Nb/m rus,

      мұндағы:

      Nb/m kz – ҚР-да бакалавриатта/ магистратурада бір жылда бір білім алушыға шығыстар нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nb/m kz = F + K + S + U + А;

      Nb/m rus – РФ-да бакалавриатта/ магистратурада бір жылда бір білім алушыға шығыстар нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nb/m rus = O + Kс + М;

      3) F – жылына бір білім алушыға есептегендегі әкімшілік-басқарушы персоналдың (бұдан әрі – ӘБП) және профессорлық-оқытушылық (бұдан әрі – ОПҚ) персоналдың және оқу-қосалқы персоналдың (бұдан әрі – ОҚП) бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жылдық еңбекақы төлеу қоры және ол мына формула бойынша есептеледі:

      F = Топқ + Тәбп + Q ,

      Т – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі ӘБП және ОПҚ-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі;

      Tопқ/әбп = Tнег опқ/әбп + Tөтем опқ/әбп ,

      мұндағы:

      Tнег опқ/әбп – ӘБП және ОПҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Тнег опқ = 12 * Wопқ * sno * mp * mv1,

      Тнег әбп = 12 * Wауп * sno * mp * mv2,

      Төтем. – қызметкерлердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Төтем опқ = ЛА * sno * mp * mv1,

      Төтем әбп = БЛА * f * sno * mp * mv2,

      мұндағы:

      Wопқ/әбп – ӘБП мен ОПҚ-ның айлық еңбекақы төлеу қоры;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті: 2023-2024 жылдарға– 1,0836;

      2025 және келесі жылдарға – 1,0968;

      mp – жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:

      2023 жылға – 1,03;

      2024 жылға – 1,045;

      2025 жылға – 1,055;

      2026 жылға – 1,065;

      2027 жылға – 1,075;

      2028 және келесі жылдарға – 1,08;

      Wопқ/әбп – ӘБП мен ОПҚ-ның айлық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      WОПҚ = ЛА + (БЛА * u),

      Wәбп = БЛА * f,

      Q – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі ОҚП-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Q = Qнег. оқп + Qөтем. оқп ,

      мұндағы:

      Qнег.оқп – ОҚП-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Q нег.оқп = 12 * Wоқп * sno * mp * mv3 ,

      мұндағы:

      Wоқп – ОҚП-ның айлық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Wоқп = БЛА * q ,

      Qөтем.оқп – жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Q өтем.оқп = БЛА * q * sno * mp * mv3 ,

      мұнда жоғарыдағы формулаларға коэффициенттер төмендегі кестеде көрсетілген:

Атауы

"И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университеті" Қазақстандық филиалы (бұдан әрі – И.М. Губкин атындағы РМУ ҚФ)

"МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университеті" Қазақстандық филиалы (бұдан әрі - МИФИ ҰЯЗУ ҚФ)

mv1 – бір оқытушыға келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:
бакалавриатта:
магистратурада:

0,125
-

0,1226
0,1273

mv2 – ӘБП-нің бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа саны арақатынасының коэффициенті:
бакалавриатта:
магистратурада:

0,0339
-

0,0209
0,0182

mv3 – ОҚП-ның бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа саны арақатынасының коэффициенті:
бакалавриатта:
магистратурада:

0,0313
-

0,0287
0,0182

ОПҚ-ның лауазымдық айлықақысын есептеу коэффициенті оны базалық лауазымдық айлықақыға (БЛА) көбейту жолымен бір айдағы лауазымдық айлықақыны айқындау үшін қолданылады

22,5674

22,7408

f – ӘБП жалақысының ОПҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті

19,78

18,21

u – ғылыми дәреже үшін қосымша ақы коэффициенті

2,69

2,576

q – ОҚП жалақысының ОПҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті

9,89

11,73

      4) K – білім беру процесін ұйымдастыру және жүргізу мақсатында ОПҚ және ӘБП-ны іссапарға жіберуге байланысты шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде мынаған сәйкес:

      бакалавриат бағдарламалары бойынша:

      И.М. Губкин атындағы РМУ ҚФ үшін – 32,06 АЕК;

      МИФИ ҰЯЗУ ҚФ үшін – 33,95 АЕК;

      магистратура бағдарламалары бойынша:

      МИФИ ҰЯЗУ ҚФ үшін – 63,83 АЕК.

      5) S – ағымдағы күтіп-ұстауға арналған шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде, мынаған сәйкес (S):

      бакалавриат бағдарламалары бойынша:

      И.М. Губкин атындағы РМУ ҚФ үшін – 30,93 АЕК;

      МИФИ ҰЯЗУ ҚФ үшін – 32,04 АЕК;

      магистратура бағдарламалары бойынша:

      МИФИ ҰЯЗУ ҚФ үшін – 23,84 АЕК.

      6) U – жылына бір білім алушыға есептегендегі оқу-әдістемелік әдебиеттер мен ғылыми әдебиеттерді сатып алуға байланысты шығыстар нормасы – 5 АЕК.

      7) А – жылына бір білім алушыға есептегендегі негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алуға байланысты шығыстар нормасы – 10 АЕК.

      8) РФ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (бұдан әрі – ЖЖОКБ) ұйымдарында студенттердің тұруы мен оқуына байланысты шығыстар жылына бір білім алушыға есептегендегі мынаған сәйкес қабылданады:

Аббревиатура

Шығыс түрі

И.М. Губкин атындағы РМУ ҚФ

МИФИ ҰЯЗУ ҚФ

Бакалавриатта бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК

Магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК

Бакалавриатта бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК

Магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК

О

Мәскеу қаласындағы ЖЖОКБ ұйымдарында оқуға арналған шығыстар нормасы

154,41

-

143,72

156,56

М

Медициналық сақтандыру шығыстарының нормасы

3,16

-

3,16

3,30

Кс

Студенттердің тұру және көлік шығыстарының нормасы:

50,09

-

18,42

36,07


Барлығы:

207,66

-

165,3

195,93

      АЕК – 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгіленген айлық есептік көрсеткіш;

      9) Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі (Vk) мына формула бойынша есептеледі:

      Vk = ∑ (K * Ncred * Конт),

      мұндағы:

      K – бір білім алушыға жоспарланатын жылдық кредиттер саны;

      Ncred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі.

      Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бір бағытынан артық іске асырылған жағдайда оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары мен білім деңгейлері бойынша оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін жинақтау жолымен айқындалады;

      10) Ncred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Ncred = N /60 ,

      мұндағы:

      60 – МЖМБС-ға сәйкес айқындалған академиялық кредиттер санының есептік орташа жылдық көрсеткіші

      Ескерту. Әдістеме 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.11.2023 № 577 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады