Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тізілімге енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 393 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 қыркүйекте № 33436 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 156 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ тізілімге енгізу және одан шығару негіздері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 393 бұйрығына
қосымша

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ тізілімге енгізу және одан шығару негіздері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ тізілімге енгізу және одан шығару негіздері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 156-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу тәртібін, сондай-ақ тізілімге енгізу және одан шығару негіздерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеп (белгілемей), куәландырылатын адамның организмі функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларын қажетсінуін айқындау;

      2) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі – уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;

      3) медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы (бұдан әрі – МӘС тәуелсіз сарапшысы) – уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімінде тұратын жеке тұлға;

      4) "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "МОДБ" ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айырылу, абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ МӘС бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      5) тізілімді жүргізу жөніндегі уәкілетті орган – уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы;

      6) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізіліміне енгізу үшін негіздер және оны жүргізу тәртібі

      3. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "МОДБ" ААЖ-да тізілімді жүргізу жөніндегі уәкілетті орган қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді.

      4. Үміткерлердің құжаттарын қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру тізілімді жүргізу жөніндегі уәкілетті органның ресми сайтында құжаттарды қабылдау басталғанға дейін он жұмыс күні бұрын жарияланады.

      Хабарландыру құжаттарды тапсыру тәртібі мен қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты қамтиды.

      5. Тізілімге енгізу үшін үміткерлер МӘС тәуелсіз сарапшыларының тізіліміне енгізуге мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:

      1) жеке басты куәландыратын құжат;

      2) жалпы медицина, емдеу ісі, педиатрия мамандығының сыныптауышына сәйкес келетін жоғары медициналық білімі туралы дипломның (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);

      3) мәлімделген медициналық мамандық бойынша немесе медициналық-әлеуметтік сараптама саласында кемінде 5 жыл үздіксіз еңбек өтілінің болуын растайтын құжат (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек кітапшасы немесе басқа құжат);

      4) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мәселелері бойынша соңғы 5 жылда жалпы көлемі кемінде 4 кредит (120 сағат) білім алғанын растайтын құжат. Аталған құжат медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде 5 жылдан астам жалпы жұмыс өтілі болған жағдайда талап етілмейді.

      6. Өтініш демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін тізілімді жүргізу жөніндегі уәкілетті органның ресми сайтында көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген уақыт, сондай-ақ демалыс және мереке күндері, аяқталғаннан кейін жіберілген өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Тізілімді жүргізу жөніндегі уәкілетті орган өтінішті қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

      1) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен жарамдылық мерзіміне, оның ішінде "электронды үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерге түскен ақпарат негізінде тексерудің оң нәтижесінде өтінішті тіркейді;

      2) келесі жағдайларды үміткердің электронды поштасына өтініштерді қабылдаудан дәлелді бас тарту жолдайды:

      құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) олардың қолданылу мерзімі аяқталған кезде;

      осы Қағидалардың 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес талап етілетін еңбек өтілі жоқ болған кезде;

      медициналық қызметпен айналысуға тыйым салу туралы (мәлімделетін мамандық бойынша) заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған кезде.

      8. Тізілімді жүргізу жөніндегі уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен кейін бес жұмыс күні ішінде үміткерге оның электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы тестілеуді өткізу орны, күні мен уақыты туралы хабарлайды.

      9. Тестілеу тізілімді жүргізу жөніндегі уәкілетті органның ресми сайтында үміткердің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.

      Тесттер Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласы, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу негіздері, куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін бағалау бойынша 90 сұрақтан тұрады.

      Тестілеу уақыты 90 минутты қамтиды.

      Тестілеу барысында үміткерлерге үшінші тұлғаларға көмек көрсетуге, көмекші құжаттарды (анықтамалық, арнайы әдебиет), байланыс құралдарын, электрондық жеткізгіште жазбаларды пайдалануға жол берілмейді.

      Тестілеуден өту үшін аудиторияны тізілімді жүргізу жөніндегі уәкілетті орган ұсынады және аудио және бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.

      Тестілеу нәтижелерін есептеу автоматты түрде жүргізіледі және тізілімді жүргізу жөніндегі уәкілетті органға және үміткердің электрондық мекенжайына жіберіледі.

      10. Сұрақтардың жалпы санынан кемінде 70% дұрыс жауаптар болған жағдайда тізілімді жүргізу жөніндегі уәкілетті орган бес) жұмыс күні ішінде тестілеуден өтудің аудио және бейнетіркеу деректерін қарайды және үміткерді тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды немесе осы Қағидалардың 9-тармағының төртінші бөлігінде көзделген фактілер анықталған жағдайда тізілімге енгізуден бас тартады.

3-тарау. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысын тізілімнен шығару үшін негіздер

      11. Тізілімді жүргізу жөніндегі уәкілетті органның МӘС тәуелсіз сарапшысын тізілімнен шығару үшін:

      1) МӘС тәуелсіз сарапшысының Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімінен шығаруға өтініші;

      2) Әлеуметтік кодекстің 156-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес өткізілген тәртіпте, медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының жұмыс нәтижелерінің жылдық бағасының мәні 50 %-дан төмен болуы;

      3) МӘС тәуелсіз сарапшысына қатысты медициналық қызметпен айналысуға тыйым салу туралы (мәлімделетін мамандық бойынша) заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімі) болуы;

      4) соттың МӘС тәуелсіз сарапшысын әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тануы;

      5) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;

      6) МӘС тәуелсіз сарапшысының қайтыс болуы негіз болып табылады.

      12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтінішті берген кезде тізілімді жүргізу жөніндегі уәкілетті органның маманы МӘС тәуелсіз сарапшысын бес жұмыс күні ішінде тізілімнен шығарады.

      13. Осы Қағидалардың 11-тармағының 2), 4), 5), тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, МӘС тәуелсіз сарапшысы мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесетін ақпараттық жүйелерінде деректердің жаңартылуына қарай өзектендіру арқылы тиісті мәліметтерді алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тізілімнен автоматты түрде шығарылады.

      14. Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді тізілімді жүргізу жөніндегі уәкілетті органның маманы 30 шілдеге және 30 қаңтарға дейін жарты жылда бір рет "Төрелік" автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен алынған мәліметтер негізінде тексереді.

      Осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда тізілімді жүргізу жөніндегі уәкілетті органның маманы МӘС тәуелсіз сарапшысын бір жұмыс күні ішінде тізілімнен шығарады.

      15. Тізілімді жүргізу жөніндегі уәкілетті органның маманы тізілімнен шығарылған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде МӘС тәуелсіз сарапшысының электрондық поштасына ерікті нысанда хабарлама жібереді.

      16. Осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасында көpсетілген негіздер бойынша МӘС тәуелсіз сарапшысы тізілімнен шығарылған жағдайда, кейіннен тізілімге енгізу медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу және/немесе тиісті мамандық бойынша оқытудан өткеннен кейін мүмкін.

      17. Үміткер, сондай-ақ МӘС тәуелсіз сарапшысы уәкілетті органдардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабымен көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

  Медициналық-әлеуметтік
сараптаманың тәуелсіз
сарапшыларының тізілімін
жүргізу қағидаларына, сондай-ақ
тізілімге енгізу және одан
шығару негіздеріне
1-қосымша

      Нысан

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімі

ЖСН

Маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Тұрғылықты жері

Мамандық профилі

1

2

3

4

5











      кестенің жалғасы

Куәландыру жүргізілетін нозологиялық формалар (АХЖ10)

Тізілімге енгізілген күні

Тізілімнен шығару күні

күні

себебі

6

7

8

9









  Медициналық-әлеуметтік
сараптаманың тәуелсіз
сарапшыларының тізілімін
жүргізу қағидаларына, сондай-ақ
тізілімге енгізу және одан
шығару негіздеріне
2-қосымша

      Нысан

      ______________________________________________________

      (толық атауы мемлекеттік органның)

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылар тізіліміне енгізуге өтінім

      Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының

      тізіліміне мені, ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _______________________________ мамандық (мамандықтар) бойынша

      медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшысы ретінде

      10-АХЖ-нің келесі кодтары бойынша ________________________________

      _________________________________________________________________

      ________________________________________________ қосуды сұраймын.

      Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізіліміне енгізу үшін қажетті менің дербес деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Тізілімге енгізу кезінде техникалық қамтамасыз етуді өзім реттеу қажеттілігі туралы ескертілдім:

      - "МОДБ" ААЖ-де жұмыс жасау үшін қажет техникалық сипаттамалары бар компьютер немесе ноутбуктың болуы;

      - "МОДБ" ААЖ-ге USB-модем арқылы қосылу мүмкіндігі бар интернеттің болуы.

      МӘС тәуелсіз сарапшысының қызметін төлеудің бекітілген тарифтерімен таныстым және келісемін.

      Электрондық мекенжай (міндетті):____________@______

      Телефон нөмірі:

      20 ___ жылғы "___" _____________

      Қолы / ЭЦҚ____________

  Медициналық-әлеуметтік
сараптаманың тәуелсіз
сарапшыларының тізілімін
жүргізу қағидаларына, сондай-ақ
тізілімге енгізу және одан
шығару негіздеріне
3-қосымша

      Нысан

      ____________________________________________________

      (толық атауы мемлекеттік органның)

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылар тізілімінен шығаруға өтінім

      Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының

      тізілімінен мені, ________________________________ шығаруды сұраймын.

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Негіздеме ________________________________________________________

      Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімінен шығару үшін қажетті менің дербес деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Электрондық мекенжай (міндетті):____________@______

      Телефон нөмірі:

      20___ жылғы "___" _____________

      Қолы / ЭЦҚ_____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады