Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 391 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 қыркүйекте № 33449 болып тіркелді

      "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазастан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазастан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 391 /бұйрығына
қосымша

Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) кәсіптер тізілімі – кәсіптік біліктілікті тану жүзеге асырылатын кәсіптер бойынша электрондық нысанда жүйеленген ақпарат жиынтығы;

      2) кәсіптік біліктілігін тануға үміткер кандидат (бұдан әрі – кандидат) – өзінің кәсіптік біліктілігін тану үшін ерікті түрде, өз бетінше немесе жұмыс берушінің жолдамасы бойынша жүгінген жеке тұлға;

      3) кәсіптік біліктілікті тану орталығы (бұдан әрі – тану орталығы) – Заңның 23-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларында айқындалған тәртіппен аккредиттелген кәсіптік біліктілікті тануды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде кәсіптік біліктілікті тану бойынша басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) – Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым;

      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы (бұдан әрі – ҰКС) – Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын кәсіптердің атауларын көрсететін және оларды орындалатын жұмыстардың түріне сәйкес дағды деңгейі мен оған мамандану бойынша сыныптайтын стандарттау жөніндегі құжат;

      8) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) – ҰКС, ұлттық біліктілік шеңбері негізінде әзірленетін және салада орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және пайдаланылатын білімнің, машықтың мен құзыреттің сипатына қарай деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды сыныптайтын құжат;

      9) салалық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      10) Ұлттық біліктілік жүйесі (бұдан әрі – ҰБЖ) – біліктілікке еңбек нарығы тарапынан сұранысты және біліктілікке білім беру, оның ішінде информалды білім беру жүйесі тарапынан ұсынысты реттеу мен келісудің құқықтық және институционалдық құралдары мен тетіктерінің кешені;

      11) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасы (бұдан әрі – цифрлық платформа) – Заңның 6-бабының 1-тармағында көзделген ақпаратты қамтитын және "сareer.enbek.kz" домендік атаудағы орналасатын "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының порталы;

      12) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) – әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіптік қызметтің және білім деңгейінің жалпы сипаттамаларын сипаттайтын құжат.

      3. Цифрлық платформаны пайдалануды:

      1) онда ҰБЖ мәселелері бойынша нақты функцияларды және (немесе) міндеттерді (бұдан әрі – пайдаланушылар)орындау;

      2) ҰБЖ мәселелері бойынша ақпаратты (бұдан әрі – келушілер) іздеу және зерделеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар жүзеге асырады

      Пайдаланушыларға мыналар жатады:

      1) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган;

      2) мемлекеттік органдар;

      3) Ұлттық палата және мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кәсіпкерлер палаталары (бұдан әрі – өңірлік палаталар);

      4) тану орталығы;

      5) кандидат.

      Келушілерге цифрлық платформада тіркелмеген жеке және заңды тұлғалар жатады.

      4. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган (бұдан әрі – Ұлттық орган) цифрлық платформада тіркеуді ол іске қосылған күннен бастап бір мезгілде жүзеге асырады.

      Ұлттық палата мен өңірлік палаталар цифрлық платформа іске қосылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде цифрлық платформада тіркелу рәсімінен өтеді.

      Мемлекеттік органдар Заңның 5-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган бекіткен Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларына сәйкес тиісті жылға арналған Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөніндегі бекітілген жоспарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде цифрлық платформада тіркеуді жүзеге асырады.

      Тану орталықтары аккредиттеу туралы аттестатты алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде цифрлық платформада тіркеу рәсімінен өтеді.

      Кандидаттар өздерінің кәсіптік біліктіліктерін тану үшін өтінішті бастама жасаған күннен бастап бір рет цифрлық платформада тіркеу рәсімінен өтеді.

      5. Цифрлық платформаға кіру веб және мобильді нұсқаларда қол жетімді. Цифрлық платформа қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді.

2-тарау. Цифрлық платформаны қалыптастыру тәртібі

      6. Уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық орган жүзеге асыратын цифрлық платформаны қалыптастыру ҰБЖ базалық құралдары бойынша ақпараттың бірыңғай көзін, кәсіптік біліктілікті тану саласындағы нормативтік құқықтық, ақпараттық және әдіснамалық базаны, ҰБЖ қатысушыларының қызметі туралы ақпарат пен деректерді құруға бағытталған.

      Ақпаратты цифрлық платформада орналастыруды Еңбек ресурстарын дамыту орталығы (бұдан әрі – әкімші) жүзеге асырады.

      7. Цифрлық платформаны қалыптастыру үшін Ұлттық органға:

      1) уәкілетті орган: ҰБШ мен ҰКС – 1 рет және ҰБШ мен ҰКС-ға өзгерістер және толықтырулар енгізілген жағдайда одан әрі; кәсіптер тізілімін – жартыжылдықта 1 рет, оларды өзінің ресми интернет-ресурсында орналастыра отырып, Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің (бұдан әрі – Ұлттық кеңес) қызметі туралы ақпаратты – жартыжылдықта 1 рет; кәсіптік біліктілікті тану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді – 1 рет және өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда одан әрі;

      2) мемлекеттік органдар: СБШ – Заңның 5-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган бекіткен Салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларында айқындалған мерзімдерде; бекітілген кәсіптік стандарттарды – Заңның 5-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган бекіткен Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларында айқындалған мерзімдерде; кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер (бұдан әрі – салалық кеңес) және өзінің ресми интернет-ресурстарында орналастыра отырып, олардың қызметі туралы ақпаратты тоқсан сайын;

      3) білім, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдар – білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізетін ақпараттық жүйелермен интеграциялау арқылы жартыжылдықта 1 рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін;

      4) Ұлттық палата және аккредиттеу жөніндегі орган: аккредиттелген тану орталықтары мен тану орталықтарының тізбесін, қайта бастауға жатпайтын аккредиттеу аттестаттарының қолданылуы, қажет болған жағдайда олардың құрылтайшылары (қатысушылары) туралы ай сайынғы мәліметтерді;

      5) тану орталықтары – кандидаттардың ай сайын кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту қорытындылары туралы мәліметтерді:

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылған кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өткен жеке тұлғалар туралы дерекқорын;

      кәсіптік біліктілікті тану туралы берілген және күші жойылған құжаттар тізілімін ұсынады.

      8. Ұлттық орган жоғарыда көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін оны цифрлық платформада орналастыру үшін әкімшіге жібереді.

      9. Ұлттық орган цифрлық платформада алынған ақпаратты қалыптастырғаннан және орналастырғаннан кейін, осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімдерге уақтылы және сәйкес:

      1) ҰБШ, ҰКС, СБШ, Ұлттық кеңестің және салалық кеңестердің қызметі туралы ақпаратты, кәсіптік біліктілікті тану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, аккредиттелген тану орталықтарының тізілімін жаңартуды;

      2) кәсіптер тізілімін жүргізуді және жаңартуды;

      3) бекітілген кәсіптік стандарттардың тізбесін жүргізуді;

      4) кәсіптік стандарттарды сараптауды;

      5) ҰБЖ базалық құралдарын әзірлеу бойынша оқытуды жүргізуді, тақырыптар мен оқыту кестесін орналастыруды жүзеге асырады.

      10. Цифрлық платформаның пайдаланушылары мен келушілерін хабардар ету үшін Ұлттық орган:

      1) цифрлық платформаның функционалдық мүмкіндіктері туралы ақпаратты;

      2) өз қызметі туралы ақпаратты;

      3) ҰБЖ базалық құралдарын әзірлеуге және (немесе) жаңартуға арналған шаблондар және (немесе) макеттерді;

      4) мәтіндік және бейне форматтағы нұсқауларды тұрақты негізде цифрлық платформада орналастыруды және жаңартуды қамтамасыз етеді.

      11. Ұлттық органның цифрлық платформада өзге де ақпаратты, материалдар мен деректерді қалыптастыру және орналастыру Заңға және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, дербес деректер және оларды қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырылады.

3-тарау. Цифрлық платформаны қолдап отыру, оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету тәртібі және оны өзге ақпараттық жүйелермен интеграциялау

      12. Цифрлық платформаны қолдап отыру және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді әкімші жүзеге асырады.

      13. Цифрлық платформаны қолдап отыру және жүйелік-техникалық қызмет көрсету шеңберінде әкімші:

      1) мерекелер мен демалыс күндерін қоса алғанда, цифрлық платформаның тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуін;

      2) цифрлық платформадағы ақпараттың сақталуын, қорғалуын, істен шығу немесе ақпарат зақымданған жағдайда қалпына келтірілуін, резервтік көшіруді;

      3) өтініштердің шешілуі шеңберінде цифрлық платформаны бағдарламалық қамтамасыз етуге түзетулер енгізуді, түрлендіру және ақауларын жоюды, жаңғырту жүргізбей және қосымша функционалдық талаптарды іске асырмай және оның тұтастығы сақталған кезде цифрлық платформаның техникалық іркілістерін жедел жоюды;

      4) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және ақпараттандырудың өзге де объектілерімен өзара іс-қимыл жасау;

      5) цифрлық платформаның жай-күйіне аудит жүргізу қамтамасыз етеді.

      14. Цифрлық платформаның жұмысында техникалық ақаудың пайда болуы туралы ақпарат көздері мыналар:

      1) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес кері байланыс нысаны арқылы берілген пайдаланушылардың хабарламалары;

      2) цифрлық платформаның жұмыс істеуіне мониторинг жүргізетін әкімші қызметкерлерінің хабарламасы;

      3) функционалдың жұмыс қабілеттілігі мен қолжетімділігін айқындау үшін пайдаланылатын, техникалық ақауды анықтаған цифрлық платформаның ақауларын мониторингтеу және анықтау жөніндегі бағдарламалық-аппараттық құралдар;

      4) техникалық іркілістің туындағанын немесе туындау мүмкіндігін куәландыратын жазбалар тіркелетін цифрлық платформаның жүйелік журналдары;

      5) әкімшінің жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығы.

      15. Цифрлық платформаны пайдалану бойынша мәселелер (проблемалар) туындаған кезде пайдаланушы осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша цифрлық платформада әкімшінің қолдау қызметіне өтінім береді.

      16. Өтінімді пайдаланушы берген күннен бастап оны қарау мерзімі үш жұмыс күнінен аспайды. Өтінімді қарау мерзімі мынадай жағдайларда ұзарады:

      1) бағдарламалық қамтылымдағы ақаулар түзетілгенде немесе жойылғанда – он жұмыс күніне дейін;

      2) пайдаланушының өтініш бергенде егер себебі цифрлық платформаның жұмыс істеуіне байланысты болса – жиырма жұмыс күніне дейін.

      17. Цифрлық платформаны өзге ақпараттық жүйелермен интеграциялау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

4-тарау. ҰБЖ мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу тәртібі

      18. ҰБЖ мәселелері бойынша деректерді талдауды және өңдеуді Ұлттық орган уәкілетті органмен келісу бойынша және (немесе) цифрлық платформада пайдалана отырып жүзеге асырады.

      19. ҰБЖ мәселелері бойынша деректерді талдау мен өңдеуді жүргізу үшін Ұлттық орган цифрлық платформада орналастырылған ақпаратты, Заңға сәйкес ҰБЖ қатысушыларынан, мемлекеттік органдардың ашық көздерінен, дерекқорларынан және статистикасынан алынған өзге де ақпарат пен деректерді және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, дербес деректер және оларды қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де ақпараттық ресурстарды жинауды, жинақтауды және мониторингтеуді жүзеге асырады.

      20. ҰБЖ мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу осы Қағидалардың 7 және 19-тармақтарында көрсетілген ақпарат пен деректер негізінде жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды:

      1) ағымдағы жағдайдың сипаттамасы;

      2) проблемалық мәселелер;

      3) ұсыныстар мен ұсынымдар;

      4) сандық көрсеткіштер.

      21. Ұлттық орган жыл сайын 15 желтоқсаннан кешіктірмей уәкілетті органға ҰБЖ мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қорытындылары бойынша ақпарат береді.

      22. ҰБЖ мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қорытындылары бойынша ақпаратты уәкілетті орган ҰБЖ қалыптастыру және дамыту кезінде пайдаланады.

  Ұлттық біліктілік жүйесінің
цифрлық платформасын
қалыптастыру, қолдап отыру
және оған жүйелік-техникалық
қызмет көрсету, өзге де
ақпараттық жүйелермен
интеграциялау, сондай-ақ
Ұлттық біліктілік жүйесінің
мәселелері бойынша деректерді
талдау және өңдеу қағидаларына
қосымша

      Нысан

Цифрлық платформаны пайдалану бойынша мәселелер (проблемалар) туындаған кезде пайдаланушының өтінімі

      Өтінімде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ____________________________

      _____________________________________________________________________.

      2) Жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________________________,

      пайдаланушының жеке бірегей идентификаторы (логин)

      ____________________________________________________________________.

      3) пайдаланушының байланыс деректері: телефон нөмірі _______________,

      электрондық пошта мекенжайы _________________________________________.

      4) өтінім тақырыбы_______________________________________________

      _____________________________________________________________________.

      5) мәселені/проблеманы сипаттауға арналған еркін өріс

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      6) файлды тіркеу мүмкіндігі (бар болса).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады