Қобда аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 427 "Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 91 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 желтоқсанда № 8458 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 173 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 04.04.2024 № 173 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қобда аудандық мәслихатының "Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 427 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8009 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:

      13 тармақтың 9) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қобда аудандық
мәслихатының төрағасы
Ж. Ергалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады