"Жамбыл ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №862 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 9 қарашадағы № 645 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 қарашада № 5115 болып тіркелді

      Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл ауданының аудандық манызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №862 қаулысының қосымшасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4076 болып тіркелген) осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырулар енгізілсін.

      2. "Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданының әкімі Е. Кыдыралыулы

  Жамбыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 9 қарашадағы № 645 қаулысына қосымша

Жамбыл ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индектері

Автомобиль жолдары

Индекс

Атауы

Ұзындығы (шақырым)

36

KH-GB-36

"Алмалы ресорт" туристік нысанына кіреберіс автомобиль жолы 0-7,0

7,0

37

KH-GB-37

"Таскөл" туристік нысанына кіреберіс автомобиль жолы 0-2,8

2,8



Всего

173,792


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады