Сарқан ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жетісу облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 қазандағы № 12-53 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 6 қазанда № 66-19 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 18-78 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 18-78 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 184104 тіркелген) сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарқан ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 0,2 (нөл бүтін оннан екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы М. Разбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады