Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы № 24-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 мамырда № 5030-06 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы М. Хайруллиев

  Мәслихат төрағасы
2023 жылғы 24 мамырдағы
№ 24-VIII шешіміне қосымша

Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы тізбесі

      1. Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 230-VІ "Атырау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4193 болып тіркелген) шешімі.

      2. Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 102-VII "Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 230-VІ "Атырау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімі.

      3. Атырау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 135-VII Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 230-VІ "Атырау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады