Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10-6 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 желтоқсанда № 5115-06 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Қ. Мыңбаев

  Жылыой аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
20 желтоқсандағы № 10-6
шешіміне қосымша

Жылыой аудандық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі:

      1. "Құлсары қаласы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 23-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3017 болып тіркелген);

      2. "Жылыой ауданының ауылдық округтерінің және Жаңа Қаратон кенті аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" Атырау облысы Жылыой ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 30-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3238 болып тіркелген);

      3. "Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 23-7 "Құлсары қаласы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы"Атырау облысы Жылыой ауданы мәслихатының 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 5-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3630 болып тіркелген);

      4. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 маусымдағы № 30-2 "Жылыой ауданының ауылдық округтерінің және Жаңа Қаратон кенті аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Атырау облысы Жылыой ауданы мәслихатының 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 5-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3631 болып тіркелген);

      5. "Құлсары қаласы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" Жылыой ауданы мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 23-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы"Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16-8 шешімі;

      6. "Жылыой ауданының ауылдық округтерінің және Жаңа Қаратон кенті аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" Жылыой ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 30-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16-9 шешімі;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады