Исатай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 07 қарашадағы № 266-VІ "Исатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 25-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 шілдеде № 5060-06 болып тіркелді

      Исатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Исатай аудандық мәслихатының "Исатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" 2019 жылғы 07 қарашадағы № 266-VІ шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4526 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Исатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы";

      шешімнің 2-тармағы алынып тасталсын;

      көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшадағы 5-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Н. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады