Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 34 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 ақпанда № 4985-06 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28 бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Индер ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Индер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 55 "Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарына және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне барлық кандидаттар үшін Индер ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3120 болып тіркелген) қаулысы;

      2) Индер ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 252 "Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарына және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне барлық кандидаттар үшін Индер ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Индер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 55 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4835 болып тіркелген) қаулысы.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Индер ауданының әкімі Д. Шамуратов

      "КЕЛІСІЛДІ":
Индер аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы

  Индер ауданының әкімдігінің
2023 жылғы 24 ақпандағы
№ 34 қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

р/с

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Индербор кенті

Индербор кенті, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің "Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

2

Индербор кенті

Индербор кенті, "Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

3

Индербор кенті

Индербор кенті, Д.Қонаев көшесінде орналасқан демалыс саябағындағы стенд

4

Индербор кенті

Индербор кенті, "Атырау облысы Білім беру басқармасының "Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты алдындағы стенд

5

Индербор кенті

Индербор кенті, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің "Көктем" қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

6

Индербор кенті

Индербор кенті, Достық және Нұрманов көшелерінің қиылысындағы стенд

7

Индербор кенті

Индербор кенті, Тұқфатов және Х.Доспанова көшелерінің қиылысындағы стенд

8

Индербор кенті

Индербор кенті, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің "Айналайын" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты алдындағы стенд

9

Индербор кенті

Индербор кенті, Астана көшесіндегі стенд

10

Бөдене ауылдық округі

Бөдене ауылы, М.Мөңкеұлы және А.Далабаев көшелерінің қиылысындағы стенд

11

Жарсуат ауылдық округі

Жарсуат ауылы, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің "Махамбет атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

12

Жарсуат ауылдық округі

Құрылыс ауылы, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің "М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

13

Көктоғай ауылдық округі

Көктоғай ауылы, "Индер ауданы Көктоғай ауылдық округі әкімі аппаратының "Көктоғай-Мәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты алдындағы стенд

14

Өрлік ауылдық округі

Өрлік ауылы, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің "Қ.Абаханов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

15

Есбол ауылдық округі

Есбол ауылы, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің "Балапан" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты алдындағы стенд

16

Есбол ауылдық округі

Есбол ауылы, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің "Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

17

Есбол ауылдық округі

Ынтымақ ауылы, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің "Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

18

Елтай ауылдық округі

Елтай ауылы, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің М.Сиранов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд

19

Елтай ауылдық округі

Аққала ауылы, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің "Аққала орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады