Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 қаңтарда № 8815-16 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 31 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі Шалқар ауылының аумағына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29233 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы "Сарытерек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім оның ресми жарияланғанынан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сарытерек ауылдық округінің әкімі Н. Сакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады