"Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 455 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 450 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 мамырда № 34333 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 455 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15949 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларында:

      9-тармақ алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Заңның 8-5-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық жедел штабтың басшысы немесе МКҚ бастығы жүзуге тыйым салынған ауданды белгілеу немесе оны жүзуге ашу туралы шешім қабылдаған кезде жүзуге тыйым салынған ауданның координаталары гидрографиялық қызметтің теңізде жүзушілерге хабарламаны жедел басып шығаруы үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұлттық қорғанысты басқару орталығына беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады