Абай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Абай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 62 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 сәуірде № 262-18 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Абай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Абай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі
      М. Смагулов

  Абай ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 9 сәуірдегі
№ 62 қаулысына
қосымша

Абай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Нақты орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)
 
 
 

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Қарауыл ауылдық округі, Мұхаметханов көшесі № 53, ғимаратқа қарама-қарсы (Қазпошта)

50

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

"Араш" дүкені

2

Қарауыл ауылдық округі, Мамай көшесі № 68, ғимаратқа қарама-қарсы (КМФ банкі)

50

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

"Тоты" дүкені

3

Кеңгірбай би ауылдық округі, С. Сүндетбаев көшесі №15, ғимаратқа қарама-қарсы

50

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

"Сәт" дүкені

4
 

Көкбай ауылдық округі, Шәкәрім көшесі № 26, ғимаратқа қарама-қарсы (Қазпошта)

50

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

"Ақзер" дүкені

5

Құндызды ауылдық округі, Шәкәрім көшесі № 72, ауылдық клубқа қарама-қарсы

50

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

"Ұлан" дүкені

6

Медеу ауылдық округі, Тұрағұл Абайұлы көшесі №12, "Гүлзада" дүкенінің оң жағында

50

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

"Гүлзада" дүкені

7

Тоқтамыс ауылдық округі, Шәкәрім Құдайбердіұлы №9, ауылдық клубқа қарама қарсы

50
 

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

Жоқ

8

Саржал ауылдық округі, Қ. Қайырханов көшесі № 16, "Қуаныш" дүкенінің оң жағында

50

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

"Мирас" дүкені

9

Архат ауылдық округі, З. Белібаев көшесі № 27, "Слямова" дүкенінің оң жағында

50

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

"Слямова" дүкені

10

Қасқабұлақ ауылдық округі, Әуезов көшесі № 3, "Махаббат" дүкенінің сол жағында

50

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

"Махаббат" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады