Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35 - жылдығына Жаңаөзен қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 сәуірде № 16/138 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 сәуірде № 4704-12 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Жаңаөзен қаласы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына 50 (елу) мың теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек белгіленсін:

      1) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;

      2) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;

      3) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі- КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;

      4) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне;

      5) Ауғанстанда әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге;

      6) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      7) 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге.

      2. Әлеуметтік көмек алушылардан өтініштері талап етілмей, бір рет көрсетіледі.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Г. Байжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды

      үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

      басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады