Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 65/16 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 15 қаңтарда № 7459-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Аққулы аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы аудандық мәслихатының төрағасы А. Касымова

  Аққулы аудандық
  мәслихатының 2024 жылғы
8 қаңтардағы № 65/16
шешіміне 1 - қосымша

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Аққулы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек - жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі - шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс - отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі - атаулы күндер) - Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп - қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктер Аққулы ауданының ауылдық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      11) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл - мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

      3) 26 сәуір - Радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;

      4) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

      5) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      6) 31 мамыр - Саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      7) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні;

      8) 25 қазан - Қазақстан Республикасының күні.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін ЖАО бекітетін ережелер негізінде жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарыныңтізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, атап айтқанда:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСРОдағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСРОдағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге;

      1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға;

      1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына;

      4) еңбек ардагерлеріне:

      Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарға;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;

      5) Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға:

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынанболған мүгедектігі бар адамдарға теңестiрiлген қайтыс болған адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына);

      1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға;

      6) зейнеткерлік жасқа толған адамдарға, атап айтқанда:

      зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға;

      сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға;

      7) мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда:

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;

      Қазақстан Республикасының колледждерінде, жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар тұлғалар;

      8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарға (отбасыларға);

      9) жоғары оқу орындарының оқуын аяқтау мерзіміне дейін әлеуметтік көмек алған студенттерге;

      10) аз қамтамасыз етілген азаматтарға, атап айтқанда:

      көп балалы отбасылар, өтініш берген мерзімде ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстары бар отбасыларға;

      аудандық ауруханаға жүктілігіне байланысты 12 аптаға дейін есепке тұру үшін уақытында жүгінген жүкті әйелдерге;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады;

      11) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан не оның мүлкіне зиян келуі, не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болған азаматтарға (отбасына).

      8. Уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді:

      1) мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:

      Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай осы Қағидалардың 7-тармақтың 1) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарында, 3) тармақшасының екінші абзацында, 5) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Халықаралық әйелдер күніне орай осы Қағидалардың 7-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне орай осы Қағидалардың 7-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацында, 3) тармақшасының үшінші абзацында, 5) тармақшасының төртінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Отан қорғаушы күніне орай осы Қағидалардың 7-тармақтың 1) тармақшасының жетінші, сегізінші абзацтарында, 5) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Жеңіс күніне орай осы Қағидалардың 7-тармақтың 1) тармақшасының екінші, тоғызыншы абзацтарында, 2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында, 4) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарында, 5) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай осы Қағидалардың 7-тармақтың 4) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай осы Қағидалардың 7-тармақтың 7) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Қазақстан Республикасының күніне орай осы Қағидалардың 7-тармақтың 6) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 7) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге арналған 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде, осы Қағидалардың 7-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттарүшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделугежеке көмекшінің еріп жүруіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 7-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 7-тармақтың 10) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты, дәрігерлік-консультациялық комиссияның ауруды растайтын қорытындысын қоса бере отырып өтініш негізінде онкологиялық аурумен ауыратын тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты, дәрігерлік-консультациялық комиссияның ауруды растайтын қорытындысын қоса бере отырып өтініш негізінде қант диабетінен зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде дәрі-дәрмек сатып алу үшін осы Қағидалардың 7-тармақтың 7) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде қатты отын сатып алу үшін осы Қағидалардың 7-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 16 (он алты) АЕК мөлшерінде спутниктік - кабельдік теледидар орнату үшін осы Қағидалардың 7-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты, атаулы әлеуметтік көмек алушының мәртебесін растайтын анықтамасын қоса бере отырып өтініш негізінде 16 (он алты) АЕК мөлшерінде спутниктік - кабельдік теледидар орнату үшін осы Қағидалардың 7-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты, атаулы әлеуметтік көмек алушының мәртебесін растайтын анықтамасын қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшеріндеулы газ датчиктерін және газталдағыштарды орнатуға осы Қағидалардың 7-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге арналған 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 7-тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде сауықтыруға 50 (елу) АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 7-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде тіс протездеу үшін 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 7-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде тұрғын үй - коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 5 (бес) АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 7-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында, 3) тармақшасының үшінші абзацында, 5) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 7-тармақтың 7) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектігі бар адамдарға (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін;

      осы Қағидалардың 7-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балаларға;

      Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Аққулы аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 12 (он екі) АЕК мөлшерінде;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде тұрғын үй - коммуналдық қызметтерді төлеу үшін осы Қағидалардың 7-тармақтың 5) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты, медициналық мекеменің емделу курсын алғаны туралы растау анықтамасын қоса бере отырып өтініш негізінде 11 (он бір) АЕК мөлшерінде гемодиализ алу мезгілінде жол жүруге осы Қағидалардың 7-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін.

      9. Уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді:

      біржолғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде оқудың нақты құны бойынша оқу ақысын төлеуге осы Қағидалардың 7-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде қатты отын сатып алуға (екінші жартыжылдықта көрсетіледі) осы Қағидалардың 7-тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде материалдық көмек осы Қағидалардың 7-тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде жол жүру шығындарын өтеуге осы Қағидалардың 7-тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшеріндеулы газ датчиктерін және газталдағыштарды орнатуға осы Қағидалардың 7-тармақтың 7) тармақшасында, 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін.

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді органдар облыс ЖАО-мен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту, шығыстарды қаржыландыру, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларының 12-24 - тармақтарына сәйкес айқындалды.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      13. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      14. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Аққулы аудандық
  мәслихатының 2024 жылғы
8 қаңтардағы № 65/16
шешіміне 2 - қосымша

Аққулы аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 тамыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 274/56 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6937 болып тіркелген).

      2. Аққулы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 сәуірдегі "Аққулы аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 7 тамыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 274/56 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 82/15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27909 болып тіркелген).

      3. Аққулы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы "Аққулы аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 7 тамыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 274/56 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 126/25 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31577 болып тіркелген).

      4. Аққулы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы "Аққулы аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 7 тамыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 274/56 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 26/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7362-14 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады