Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 2-18/VIII "Cайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 15-118/VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 10 сәуірде № 6513-13 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сайрам аудандық мәслихатының "Cайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2023 жылғы 16 мамырдағы №2-18/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6277-13 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Ш. Халмурадов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады