1998 жылдың 15 тамыздағы N 03-2 ОД бұйрығына өзгерістер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 17 мамыр N 28-ОД бұйрығы. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы заңының  28 бабын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің Төрағасы - Қазақстан Республикасының Министрінің 1998 жылдың 15-ші тамыздағы N 03-2 ОД бұйрығымен  бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылдың 5 қарашадағы 634 нөмірмен тіркелген "Табиғи монополия субъектілерінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіру мен көрсету бағаларын (тарифтерін) есептегенде ескерілетін шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы нұсқаулығына" мынадай өзгерістер енгізілсін:
      12-тармағында:
      бірінші сөйлемнен "тәуелсіз сарапшы" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші сөйлем мынадай редакцияда берілсін:
      "Табиғи монополия субъектісі тапсырған техникалық негіздемелерді сараптаудан өткізуге, Өкілетті орган Білікті органды немесе тәуелсіз сарапшыны тартуға құқылы".
      15-ші тармақтың 7-ші азат жолы алынып тасталсын.
      2. Табиғи монополияларды реттеу департаменті (Попандопуло Е.Н.) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуін қамтамасыз етсін.
      3. Ұйымдық-кадрлар бөлімі (Герасимова Е.Н.) осы бұйрықты аумақтық комитеттерге және Мемлекеттік тізімнің республикалық тарауына енгізілген табиғи монополия субъектілеріне жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның орынбасары Е.А.Пушкареваға жүктелсін.    

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады